Адамзатқа ауыр зардап әкелген апат

745
0
Бөлісу:

Ықылым заманнан бері адамзат неше түрлі қауіп пен қатерді бастан өткеріп келеді. Әрине, оған әртүрлі себептер бар. Көп тосын жайтқа адамзаттың өзі кінәлі болса, ал аяқастынан болатын техногендік апаттарға мүлдем тосқауыл қою қиынға түседі. Жер сілкінісі мен стихиялық жайттар, цунамиден болатын зардап мыңдаған адамның өмірін жалмап, өндіріс орындарына залал келтіретіні шындық.

Мысалы, бүгінде баланың са­на­сында аңыз болып қалған кешегі ди­нозаврлар өмір сүрген дәуірге не зұл­мат келді? Бұған қатысты ғалым­дар әртүрлі болжамдар айтады. Бі­реу­лері ауа райының суықты­ғы­нан де­се, екіншілерінде тағы басқа жо­­рамал бар. Бірақ бұған қатысты зерт­теу жұмыстары сан ғасыр өтсе де әлі жалғасып келеді. Жақында АҚШ-тың Аризона штатындағы мем­­лекеттік университеттің ға­лым­дары осыдан 252 миллион жыл бұ­рын мұхит суындағы жән­дік­ пен балықтардың, басқа да жануар­лардың неліктен қырылған се­бебін анықтады. Ең басты себеп, судағы оттегінің тапшылығынан жан-жануарлар зардап шеккен. Ға­лым­дардың айтуына қарағанда, жер шары осы уақытқа дейін осындай бес зұлмат кезеңді бастан өткерген. Оның ішіндегі ең алаңдатарлығы, ди­нозаврлардың жер бетінен мүлде жойылып кетуі. Әрине, бұл туралы ға­ламдық бұқаралық ақпарат құрал­да­рында талай рет жазылды. Десек те, адам баласы жер бетіндегі ең са­налы тіршілік иесі болса да, бірақ ая­қастынан болатын стихиялық апат­тарға төзе алмайды. Өйткені мың­даған адам опат болады, жүз­де­ген ғимаратқа зақым келеді. Бәрібір шы­ғын азаймай тұр. Мүмкін мұның бар­лығы адам баласының табиғатқа кел­тіріп жатқан аяусыз жаны ашы­мас көзқарасынан шығар…


XX ғасыр да осындай тех­но­ген­дік апаттардан кенде болған жоқ. Біз XXI ғасырға аяқ бассақ та, адам­зат құрбандық пен орасан зор шы­ғын­нан әлі көз аша алмай келеді. Мұ­ның себебі неде? Ешкім басын ашып айта алмайды. Табиғатқа жа­сал­ған қиянаттың жауабы болар, бұл. Алланың берген сынағы шы­ғар. Бірақ осы ғасыр басталған 18 жыл­дың ішінде талай апатқа ке­зік­тік. Ол қандай зардап, қандай шы­ғын? Сонымен…
1. Адамзаттың назарын аудар­тып, аяғы өлімге апарған ең ауыр оқи­ға осы ғасырдың басында 2003 жы­лы орын алды. Иранның оңтүс­тік шығысындағы Керман провин­ция­сы мен Бам қаласында жергілік­ті уақыт бойынша таңғы 5:46 -да 6,6 бал­дық жер сілкінісі болды. Оқыс­тан болған зілзаланың салдарынан 26 271 адам қайтыс болып, 30 мың адам әртүрлі дәрежеде жарақат ал­ды. Сапасыз салынған үйлер 6,6 бал­дық жер сілкінісіне шыдас бере ал­мады. Иран мемлекеті көп ақпа­рат­ты құпия жағдайда ұстайтын­дық­тан, нақты деректер айтылған жоқ. Кейбір мәліметтерге қараған­да, жер сілкінісі салдарынан 43 мың адам­ның қайтыс болғаны айтылды. Бі­рақ қалай айтқанда да, бұл Иран эко­номикасына ауыр зардабын т­и­гізді. Әлемнің әр түкпіріндегі 100-ге жуық мемлекет Иранға көмек көр­сетті.
2. Адамның жаны темір емес. Ға­ламның бір түкпірінде біреулер тех­ногендік апаттан зардап шегіп жат­са, екінші бұрышында енді бірі ауа райына төзбей бақилық болып жа­тады. Мысалы, 2003 жылы Еуро­па­да ұзаққа созылған аптап ыстық талай адамды тығырыққа тіреді. Тіп­ті далаға шығу мүмкін болмай қал­ды. Денсаулығы сыр бергендер көп­теп кездесті. Еуропа құрлығында ап­тап ыстықтың салдарынан 40 мың адам көз жұмды. Бұл, ең ал­ды­мен жүйкесі сыр беріп, сырқаты дендеп бара жатқан адамдарға ауыр соққы болды. Әсіресе, француздар аптап ыстыққа төзе алмады. Фран­цияның Ұлттық денсаулық орта­лы­ғының мәліметінше, аптаптың сал­дарынан 14 802 адам бақилық бол­ды. Португалияда Целсий шка­ласы +48 градусқа жеткенде, елдегі орман-тоғайдың 5 пайызын өрт шалды. Күннің ыстығына шыдай ал­май, халықтың қан қысымы күрт көтеріліп, 1500 адам қайтыс болды. Әрине, мұндай жайттар ең алдымен денсаулығы нашар, жүйкесі әлсіз адам­дарға бірден әсер ететіні бел­гілі. Бірнеше күн бойы Испания мен Германияда ауа райы +45 градус­ты көрсетіп тұрған сәтте ба­қи­лық болғандардың саны 2 мың адам­ға жетті.
Бұрын-соңды Еуропада мұндай жағ­дай болмағандықтан, алғашқы күн­дері адамдар ыстықтан сақтана ал­мағаны рас. Күннің аптабына шы­дай алмай, Ұлыбританияда мың адам қайтыс болып, Швейцарияның Альпі тауларында мұздақтар еріді. 2003 жылы жаз айы шынымен де еуропалықтар үшін қиын болғаны рас. Күннің қалыпты температура­дан шектен тыс жоғарылауын ес­кер­ген болуы керек, әсіресе қала­ның әр жеріне тиісті орындарға мұз­датылған су қойылды. Шыдай ал­маған адамдар алаңдардағы су­бұр­қақтарға шомылып жатты. 14 мың­нан аса адамның өмірін жалма­ған ыстық бір аптадан кейін ғана қалыпты жағдайға келді.
3. 2004 жылдың желтоқсан айын­да адамзатқа қасірет әкелген оқи­ғаны да әлі ешкім ұмыта қойған жоқ. Үнді мұхиты суы астында бұ­рын-соңды болмаған жер сілкінісі бо­лып, жағалаудағы жүрген халық суға кетті. Бұдан ең алдымен мұхит­тың маңында тұратын тұрғындар зардап шекті. Ғимараттар қирап, адамдар үйіндінің астында қалды. Су және жерасты сілкінісінің ор­талығы Индонезиядағы Суматра ара­­лы болды. Үнді мұхитының жа­ға­лауындағы 14 елге орасан зор зар­дабын тигізген апаттан 230 мың адам қаза тапты. Әсіресе, Индо­не­зия, Шри-Ланка, Үндістан, Тай­ланд елдері зор шығынға ұшырады. Сондай-ақ Бангладеш, Малайзия, Мьянма, Сингапур, Мальдив арал­дарының тұрғындары зардап шекті. Ма­мандардың бағалауына қараған­да, жер сілкінісінің қатты болғаны сон­шалық, ол қуаты жөнінен Хи­ро­симоға тасталған бомбадан 1502 есе артық болды. Расында да, бұл адамзат тарихындағы өте қатерлі оқи­ғаның біріне айналды. Жоғары көтеріліп, буырқанып долданған тол­қынның биіктігі 30 метрге жет­ті. Сейсмология орталығы жер сіл­кінісінің шамамен 9,1 – 9, 3 балл шамасында болғанын жария етті. Әдетте, жер сілкінісі ары кетсе, екі-үш минутқа баратыны белгілі. Бұл жолы жерастынан шыққан дүмпу­лердің ұзақтығы 8-10 минутқа со­зылды. Табиғатқа орасан зор шы­ғын келді. Цунамиден зардап шек­кен елдерге халықаралық қауым­дас­тық 14 миллиард доллардан астам ақшалай, заттай көмек көр­сетті.
4. 2008 жылы Пәкістандағы Каш­мирдың бір бөлігінде таңғы сағат тоғызға жақын қалғанда орасан зор жерасты дүмпуі сезілді. Алапат жер сілкінісінің зардабы да сұмдық болды. Елдің Гилгит-Бал­тистан және Хайбер-Пахтунхва провинциясының жарты бөлігі қира­ды. Жапондық метеоролог­тар­дың шамалауынша, жер сілкінісінің қуаты 7,6 – 8 балл шамасында бол­ды. Пәкістан үкіметі баспасөз қыз­метінің хабарлауына қарағанда, жер сілкінісінен 75 мың адам қайтыс болды. Пәкістанның оңтүстігінде ондаған қала мен ауыл жермен-жексен болды. Ал халықаралық қауым­дастық 86 мың адамның ба­қи­лық болғанын жария етті. Тіпті же­расты дүмпуі көрші елдер Тә­жік­стан, Ауғанстан, Батыс Қытай ау­ма­ғында да байқалды. Үндістанның Кашмир аймағының жарты бөлігін­де де апаттан 1500 адам өмірден озды. Бұл дүмпудің қуатты болғаны мы­на бір оқиғадан-ақ көрінеді. Ма­мандар жер серігі арқылы жоғары­дан түсірілген фотоларды зертте­ген­де Гималай тауларының бірнеше метрге биіктеп кеткенін байқаған. Орын алған тосын апатқа байла­ныс­ты Пәкістан халықаралық қо­ғам­дастықтан 6,2 миллиард доллар көмек алды.
5. 2008 жылдың 12 мамырында Қы­тайдағы Сычуань шаһарында орын алған жер сілкінісі де адамзат тарихындағы ең қаралы күндердің бірінен саналады. «Ұлы апат» ретін­де тарихқа тіркелген тосын оқиғаны қазір ешкім есіне алғысы келмейді. Рихтер шкаласы бойынша 8,0 бал­дық жүйені көрсеткен тосын апат 69 197 адамның өмірін қиды, 37 4176 адам жарақат алды, 18 222 адам іс-түс­сіз жоғалып кетті. Денсаулығы күрт нашарлап, жүйкесі сыр берген 4,8 миллион адамға қан құю керек болды. Бұл 1976 жылы Қытайдың Тайхань провинциясында 240 мың адамның өмірін жалмаған апаттан кейінгі орын алған оқиға екенін ай­та кетуіміз керек. Аталған жер сіл­кінісінен зардап шеккен аймақ­ты қалпына келтіруге Қытай тарапы 146, 5 миллиард доллар жұмсады.
6. «Наргис» деп аталатын тро­пи­калық циклон да 2008 жылдың 2 мамырында Мьянма халқына ауыр зардап әкелді. Тосын апаттан 146 мың адам қайтыс болды, 55 мың адам хабар-ошарсыз кетті. Халық­ара­лық қоғамдастық «опат болған­дар­дың саны одан да жоғары болуы мүмкін» деген ақпарат таратты. Өйт­кені «арнайы үкімет орындары дерек­терді барынша төмендетіп көр­сетті» деген ақпар бар. Сарап­шы­лардың бағалауынша, келген шы­ғынның мөлшері 10 миллиард доллар шамасында болған.
7. 2010 жылдың 12 қаңтарында Гаи­­­тиде қуаты 7,0 балдық жер сіл­кінісі болып, одан 3 миллионнан ас­там халық зардап шекті. Тосын апат­тан 316 мың адам бақилық бо­л­ды. 30 мың адам әртүрлі деңгейде жа­ра­қат алды. Адамдық даму ин­дексі бойынша көш соңында тұрған әлемдегі ең кедей мемлекеттің бірі­нен саналатын Гаитиге дүниенің төрт бұрышынан көмек көрсетілді. Елдің білім беру саласы бірден күй­реді, 1300 мектеп жермен жек­сен бол­­ды, төрт жоғары оқу орны қира­ды.
8. 2011 жылдың наурызында Жа­по­нияның Тохоху елдімекенінің ай­мағында болған жерасты дүмпуі­нің салдарынан 18 мың адам қайтыс болды. «Теңіз зілзаласы» деген ат­пен тарихта қалған Тынық мұхиты аумағындағы ең ірі апаттың зардабы оңай болған жоқ. Теңіз суы жаға­лауы­нан тасып, асау толқындардың биік­тігі 23,6 метрге жетті. 17 339 адам хабарсыз кетті, 167 мың адам әр­түрлі дәрежеде жарақат алды. Те­мір жолдар бүлініп, плотина жарыл­ды, атом электр стансасында үш рет жарылыс болды. 400 мыңнан аса үй тұру­ға жарамсыз болып қалды. Бү­кіләлемдік банк Жапонияға келген шығынды 235 миллиард доллар деп бағалады.
9. 2001 жылдың 21 қыркүйегінде Фра­нцияның Тулуза қаласындағы химиялық комбинатта техногендік апат орын алды. Зауыттағы 300 тон­на аммония нитраты жарылып, ай­наланы қалың өрт, түтін басты. Қа­ла қою түтіннің құшағында қал­ды. Қоймадағы дайын өнім күйінде тұрған 300 тонна азот кислотасы жа­рылып, өндіріске орасан зор шы­ғын келді. Ресми деректерге сенсек, оған тікелей зауыт басшылығы кінә­лі болған. Қауіпсіздік ереже­ле­рін сақтамағандықтан, осындай апатты жағдай орын алды. Соның салдарынан 30 адам қайтыс болды, 3 мың адам жарақат алды. Алып өн­дірістің айналасындағы мыңда­ған үйлер мен ғимараттар бүлін­ші­лік­ке ұшырады. 80 мектеп, 2 уни­верситет, 185 балабақша қирап, 40 мың адам баспанасыз қалды. Жа­ры­лыстың орын алуына байланыс­ты елдегі 130 кәсіпорын жұмысын тоқ­татты. Келген жалпы шығынның кө­лемі – 3 миллиард доллар.
10. 2011 жылдың 11 наурызында же­расты дүмпуінен кейін Жапо­ния­ның «Фукусима-1» атом электр стан­сасында жарылыс болды. Одан кейін іле-шала қуаты 9,0 шамасында болған жер сілкінісінің салдарынан жағалаудағы мұхит суы тасып, атом стансасының 6 реакторын істен шы­ғарды. Сарапшылар «Фуку­си­ма-1» атом электр стансасына кел­ген шығынды 74 миллиард доллар деп бағалады. Биіктігі ондаған метр болған цунами жағалауда тұрған көліктерді ысырып, ғимараттарды бү­ліншілікке ұшыратты. Табиғат апа­­тынан мыңдаған үй қирап, те­міржол мен байланыс желісі істен шық­ты. Қанша қаржы жұмсалса да кел­ген шығынды тез қайтару мүм­кін емес. Мамандар апатты біржо­ла­­та жою немесе реакторларды қай­­та қалпына келтіру жұмыстары 40 жыл уақыт алады деп отыр.
Міне, XXI ғасырдың басталға­ны­на жиырма жыл өтпей жатып, адам­зат осындай алапат қатерлі оқи­ғаларды бастан кешіруде. Бірақ жер сілкінісінен, техногендік апат­тан құтылған немесе сақтандырыл­ған ешкім жоқ. «Апат айтып кел­мей­­тіні» рас. Бірақ Құдай сақтан­ған­ды сақтайды емес пе?!

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*