Ассамблея сессиясына дайындық барысы баяндалды

862
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконы қабылдады.
Кездесуде Мемлекет басшысына Қа­зақ­стан халқы ассамблеясының XXVI сес­сиясын өткізуге әзірлік барысы жө­нінде баяндалды.
Л.Прокопенко Нұрсұлтан Назарбаевқа ұйымдастыру-дайын­дық жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ Қазақстан халқы ассам­блеясы кеңесінің кеңейтілген оты­ры­сының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер туралы мә­лімдеді.
Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*