ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫ НЫҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

496
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянды қабылдады.

Кездесу барысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің алдағы отырысының күн тәртібі, сондай-ақ еуразиялық интеграцияны одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Еуразиялық эконо­микалық одақ қызметінің жоғары нәти­желеріне тоқталып, өзге елдер тарапынан бұл бірлестікке қызығушылықтың артып отыр­ғанын атап өтті.
– Өткен 2017 жыл табысты болды. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы 27 пайызға артты. Бірлестігімізге деген зор қызығушылықтың бар екенін көріп отырмыз. Бүгінде бізбен 40-тан астам ел ынтымақтастық орнатты. Біз сіздермен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің саммиті қарсаңында кездесетін боламыз, оның күн тәртібіндегі барлық мәселе келісілген.
Біз күрделі мәселелерді, соның ішінде санкцияға қатысты мәселелерді де талқылайтын бола­мыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Тигран Саркисян Мемлекет басшысын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, еліміздің өркендей беруіне ниеттестігін білдірді.
– Кеңестің тапсырмасы бойынша Сізбен бірқатар мәселелерді талқыласам деп едім. Атап айтқанда, Жоғары кеңес отырысын қалай тиімдірек өткізіп, қандай проблемаларға ерекше мән беру қажет екенін анықтауға, сондай-ақ интеграцияны нығайта түсуге қатысты мәселе­лер бар, – деді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы.
Кездесу соңында Т.Саркисян Қазақстан Президентіне Еуразиялық экономикалық комис­си­я­ның қазіргі жұмыстары жөнінде мәлімдеді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*