ЕЛІМІЗДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ ЭКО-МЕШІТ АШЫЛАДЫ

857
0
Бөлісу:

Барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордалық «Сарыарқа» ауданында орналасқан жаңа мешітке барды.
Қазақстан Президентіне мешіттің салыну барысы, сондай-ақ осы ғимаратты электр қуатымен және жылумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын балама энергия көздері жөнінде мәлімделді.
Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан мешіттің құрылысы 2016 жылы басталды. Жаңа мешіт қайырымдылық мақсат­пен жиналған қаражат есебінен тұрғызылды. Мешіт ғимараты дәстүрлі өрнектер мен декор­а­тивті элементтер қолданыла отырып, постмо­дер­низм стилінде салынған. Негізгі ғимарат күрделі әрі жартылай сфералық нысанды елес­тетеді. Оның қабырға­ла­ры үшбұрыштана сүйірленіп, диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасқан. Мешіт­тің сыртқы дизайны гүлді әрі алмастың қырларын еске салады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*