Жалынды жастар фестивалі

618
0
Бөлісу:

 «Алатау» дәстүрлі өнер театрында студент жастарының ән мен поэзия өнері бойынша Алматы энергетика және байланыс университетінің тұңғыш ректоры Ғұмарбек Жүсіпбекұлы Даукеев атындағы Muzenergy-2018 V қалалық ашық фестивалі өтті.

Оған Алматы қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері, магистранттары және докторанттары қатысты. Фестиваль «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық жобасы аясындағы «Ұлы дала жастары» жобасын іске асыруға бағытталып, Астана қаласының 20-жылдығына арналды. Қала жастарының фестивальға қатысуы тек жаңа таланттардың ашылуы мен қатысушылардың орындау шеберлігінің артуына ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ой-сананың модернизациялануына, азаматтық жауапкершіліктің артуына және жастар рухының жоғарылауына үлкен үлесін тигізеді.

Фестиваль Алматы энергетика және байланыс университетінің кәсіподағы студенттерінің ұйымдастыруымен өткен «Мелодии весны» атты қалалық авторлық әндер байқауынан өсіп шықты. Алғашқы жылдың өзінде оған Алматының түрлі 9 университетінің студенттері қатысқан болатын, ал келесі жылы жоғары оқу орындар саны 10-ға жетті.

2015 жылы фестивальға қатысуға 23 оқу орнынан 120 студент өтініш тастаған болатын, 2017 жылы рекорд орнатылып, 40 жоғарғы оқу орны мен колледждерден 240 студент қатысты. Фестиваль ұйымдастырушылары – Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және «Парасат» Алматы кәсіптік одағының қолдауымен Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттер кәсіподағы.

Осы жылдың наурыз айында үш кезеңнің екеуі өткен болатын, Алматы қаласының 46 оқу орындарының 400-ден астам студенттері 7 номинация бойынша сайысқа түсті. Соңғы кезеңге, яғни финалға 16 оқу орындарының 28 сайыскерлері іріктелді.

Әділқазылар алқасы құрамына жастар ұйымдарының өкілдері, өнер зиялылары, түрлі музыкалық премиялар лауреаттары және Алматы қаласынң ән мен поэзия жанрының майталмандары кіреді, Қазақстанның халық және еңбек сіңірген артистері кіреді.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*