«Жасыл экономика» жағдайы қаралды

511
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде  Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ел Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында экологиялық ахуалды жақсарту және «жасыл экономикаға» сапалы көшуді қамтама­сыз етудің тұжырымдамалық тәсілдері, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманың 2013-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Кеңестің осы жылы атқаратын жұмыс жоспарының кестесі қаралып, бекітілді.
Бұдан бөлек, отырыста Кеңестің 2017 жылғы 19 қазандағы хаттамасының орындалу нәтижелері қаралды.
Күн тәртібі бойынша Экологиялық ұйымдарының қауымдастығы төралқа­сы­ның төрайымы Ә.Назарбаева, Қызыл­орда облысының әкімі Қ.Көшербаев, Энергетика бірінші вице-министрі
М.Досмұхамбетов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы
А.Мырзахметов, KazWaste қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығының атқарушы директоры В.Мұстафина, «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Б.Есекина және басқалары сөз сөйледі. БҰҰДБ-ның «жасыл экономикаға» көшудегі тәжірибесі туралы БҰҰ Даму бағдар­ламасының тұрақты өкілі Норимасе Шимомура мырза айтып берді.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*