Кәсіпкерлер қолдауды сезініп отыр

873
0
Бөлісу:
Нұр Отан логотип

Қызылорда облысында шағын және орта бизнесті қолдау бағытында «Нұр Отан» пар­тиясының жаңа жобасын іске асыру басталды.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығында кәсіпкерлік және туризм басқармасының ықпал етуімен «Геоақпараттық қызмет» бағдарламасы электронды форматта қызмет көрсете бастады. Мұнда кәсіпкерлер байланыс қызметін көрсетуге қосылу, ғимараттарды сәу­лет-жоспарлау, басқа да маңызды құжаттарды үйден шықпай-ақ жасата алады. Ал техникалық жүйелерге қосылу мерзімі үш күнге дейін қысқартылды. Түрлі мәселелерге қатысты geoservice.geoportal.kz интернет-порталына онлайн режимінде өтініш беруге де болады.
Қызылорда қаласында пилоттық режимдегі геоақпараттық онлайн сервисі жұртшылыққа өте тиімді болып тұр. Аталған сервис коммуналдық қызметтерге (электр, газ,су, жылу желілері) техникалық шарттар алудың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін электронды түрде қабылдау арқылы жүзеге асырылады (geoservice.geoportal.kz).
Геоақпараттық онлайн сервисін құру – кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік тосқауылдарды азайтудың маңызды тетік­терінің бірі.
Геосервис бағдарламасы Орталықта табысты қолданылады. Біріншіден, кәсіп­керлер барлық коммуналдық қызметтерге қосылуға өтініш бере алады. Екінші­ден,Орталықтың қызметкерлерінде нақты уақыт режимінде (онлайн) өтініштерді өңдеу тәртібін бақылауға мүмкіндігі бар.
Бұдан бөлек, биыл жер қатынастары саласындағы барлық қызметтерді және сауда-саттық процедура­ларын электрондық фор­матқа аудару жоспарланып отыр. Осы қыз­мет­терді енгізудің басты тетігі – Қызылорда облы­сының элек­тронды картасын жасау. Бұл элек­тронды карта 18 бағыт және 63 қабаттан тұрады (шағын орта бизнес субъектілері, ден­саулық сақтау, білім және инженерлік желілер).
Картаның көмегімен орталық қызмет­керлері аукцион арқылы сатып алатын жер телімі туралы ақпаратты ұсынып, кәсіпкерлерге бизнесті құру үшін жерді нақтылап, инженерлік желілерге қосылу мүмкіндіктерін тексеріп және белгілі бір аумақтарда шағын және орта бизнес туралы ақпараттарды ала алады.

Қамар БЕКЕТОВА,
Қызылорда облыстық
кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының директоры

Бөлісу:

Пікір жазу


*