Түркістанда тұңғыш рет классикалық әншілер фестивалі өтті

257
0
Бөлісу:

Түркістан қаласындағы Мәдениет орталығында Елбасы  Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстанның халық артисі Рахима Төлегенқызының 75 жылдығына орай  І – халықаралық класикалық әншілер фестивалі өтті.

Халықаралық байқауға Алматы, Шымкент, Қырғызстан және Түркістаннан 12 өнерпаз қатысып, өз өнерін көрсетті.

Байқаудың мақсаты – Халықтар арасындағы достастықты және ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ өнерлі жастарымыздың шығармашылық қабілетін, талантын айқындау және дамыту, Қазақстандағы вокальдық музыканы дәріптеу және дарында вокалистердің кәсіби шеберлігін арттыру және жас таланттарды таныту.

Жас таланттардың басын қосқан дода үш кезеңнен тұрды. Онда кең көлемді көне ария және халық әні сондай-ақ еркін таңдауда әндері шырқалды. Сайыскерлердің үлкен дайындықпен келгендері сахнада байқалды. Сондай-ақ кеште Шымкент қаласының опера және балет театрының солистері өнер көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша, 3 орынға Жанарыс Исахан (Түркістан қаласы), Райымбек Бақытұлы (Түркістан қаласы), Қарлығаш Алтыбай (Түркістан қаласы), Дана Исаева (Түркістан қаласы) лайық деп танылды. 2 орын иегері Леонид Дмитриевич (Қырғызстан, Бішкек), Гүлжазира Жолдасбаева (Алматы қаласы), Мәрия Медетова (Алматы қаласы). Бірінші орын Қуаныш Жантұрған (Ақтау қаласы),  Әмір Сейдулла (Түркістан қаласы), Мұрат Молдакерім (Шымкент қаласы) еншісіне бұйырса, ал  алматылық Мәдина Оразбай бас жүлдеге ие болды.

Кеш соңында Рахима Төлегенқызына шапан жауып, сый-сияпат көрсетілді. Түркістанда классикалық фестиваль алғаш рет өтсе де, көрермендер жас классикалық әншілердің әндерін  тыңдап,  көңілді тарқасты.

Жадыра ҚОЖАХМЕТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*