Әйгерім ҚАБДРАХМАНҚЫЗЫ, «Айналайын» балабақшасы директорының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облыстық жастар мәслихатының депутаты: Болашақ жастардың қолында

128
0
Бөлісу:
Нұр Отан логотип

 

– Бүгінгі жастар талантты да дарынды. Оларға білімін шыңдап, ары қарай дамуына қолдау көрсету – міндетіміз. Еліміздің бола­шақта өркендеп-өсуі жастардың қолында болған­дықтан мемлекет те көмегін аянып жатқан жоқ.
Ағымдағы жылдың басында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бес әлеуметтік бастамасын жария етті. Үндеудегі әр бастаманың халыққа тигізер пайдасы мол деп есептеймін.
Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту туралы үшінші бастамаға ерекше тоқтала кеткім келеді.
Білімді жастар ғана елімізді алға жетелейді. Осыған орай, Елбасының 2018-2019 жылдар аралығында жоғары оқу орындарына қосымша 20 мың грант бөлуін толықтай құптаймын.
XXI ғасыр – техника мен инновация дәуірі. Президенттің игі бастамасының арқасында елімізде ІТ, робот техникасы, нанотех­нология саласында мамандар саны артатын болды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*