Құрық ауылындағы қуаныш

216
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы нақты жобалар дайындап, оның іске асыруды қарқынды жүргізіп жатыр. Соның бірі – алыстағы ауыл мектептерінде де ІТ сыныптардың ашылуы.

Маңғыстау облысындағы Қарақия ау­данының Құрық мектеп-гимназиясында ба­лаларға арналған тегін IT сыныбының ашылуы ерекше оқиға іспеттес болды. IT сыныбында 8-16 жас аралығындағы балалар бағдарламалау және робот техникасын Еуропалық білім беру стандарттары негізінде факультативті пән ретінде тереңдетіп оқытылады. Ең бастысы – сыныпта білім алу тегін.
Салтанатты шара барасында «Нұр Отан» партиясы Қарақия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дина Сәбитова және демеуші – «Ерсай» ком­паниясының өкілі Райымбек Жайлыханов балаларға арналған IT сыныбының лентасын қиды.
Жиынға облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Клара Құлатай, аудан әкімінің орынбасары Ержан Күмісқалиев және аудандық мәслихаттың депутаттары мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының өкілдері мен мекеме басшылары қатысты.
– Балаларға арналған тегін IT сыныбының ашылуы – шалғайдағы тұрғындар үшін үлкен жаңалық. Қазір бүкіл әлем қарқынды дамып қана қоймай, жедел өзгерістерге ұшырауда. Сондықтан, біздің де бүгінгі заман талаптарына сай бейімделуіміз өте керек, – дейді тұрғындар.
Қонақтар «Ерсай» компаниясының демеу­шілігімен ашылған қолөнер, іс тігу сынып­тарында және «Әбіштану», Елбасыға арналған сыныптарда болып, жастармен жүздесті.
Бұл жобалар алдымызда тұрған ең басты мақсат – дамығын 30 елдің қатарына қосылуға және қазақстандықтардың әлемдік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізері сөзсіз.

 

Мира ҰЗАҚ

Бөлісу:

Пікір жазу


*