Әкімнің орынбасары қаралы күнмен құттықтады

1424
0
Бөлісу:

Бүкіл еліміз 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, аза тұтып жатқанда, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова үшін бұл салтанатты мереке екен.

О заман да, бұ заман аймақ басшысының орынбасары 31 мамырдың қандай күн екенін білуі керек қой. Әлихан Бөкейханның ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойған әкімнің орынбасары қағазға шұқшиып, орыс тілінде баяндама жасады. Әсем Бекқызы сөзінің соңын «С праздником – 31 мая!» деп аяқтаған көрінеді. Мұны zhasalash.kz газетінің сайты жетер жеріне дейін жеткізіп жазды. Біз де әкімдіктегілерге құлаққағыс етіп тағы қайталап жазып отырмыз.

Әсем Нүсіпованың қаралы күнге немқұрайлы қарап, асығыс-үсігіс кеткені әрине адами, азаматтық, атқамінерге жарасатын қылық емес. Бұл облыс идеологиясын басқарып отырған әйелге тән емес сорақы әрі өрескел әрекет деп түсінеміз. Жоқ әлде, Әсем апай қаралы күнді «1 маусым балаларды қорғау күнімен» шатастырып алды ма екен?!   Қалай айтқанда да, Әсем Бекқызы азанда атшаптырым кабинетінен Семейге қарай жолға шыққанда, қайда, неге, не үшін баратынын білуі керек еді ғой. Біздің айтарымыз –31 мамыр азалы күн, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Атқа мінген шенеунік апай қуғын-сүргін, ашаршылық жылдары қазақтың 3-5 миллиондай халқы қырылып, қайраткерлері  итжеккенге айдалып, жазықсыз атылғанын біле ме екен?!

…Осы облыстың идеология жөніндегі орынбасары айтатын  сөз бе еді?!

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ.

Фотолар Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Фейсбук парақшасынан алынды.

Аторы: Тілеубек Шаяхмет

 

Әлеуметтік желі не дейді?:

Қанат Тілеухан:
– Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметовтың идеология жөнінде Әсем Нүсіпова деген орынбасары бар екен. 31-мамыр қаралы күнді праздникке айналдырып жіберді. Бізде міне, осындай идеологтар бар. Сөз жоқ.

Бөлісу:

Пікір жазу


*