Бір жылда медициналық сақтандыру қорына 71,9 млрд теңге түсті

676
0
Бөлісу:

Жалпы алғанда, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 мамырына дейінгі аралықта жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлеген медициналық сақтандыру жарнасының көлемі шамамен 71,9 млрд теңгені құрап отыр. Мамыр айында Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 8,5 млрд теңгеден асты.

Атап айтқанда, 63,4 млрд теңге (88,2% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы қызметкерлері үшін жасаған төлемдері болса, қалған 8,5 млрд теңге (11% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық негізде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі болып отыр.

Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысы көш бастап келеді. Астана қаласының тұрғындары соңғы 11 айда қорға 9 млрд теңгеге жуық жарна аударған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ұлттық банкімен сенімгерлік басқару келісімшартына отырғанын айта кету керек. Міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру (МӘМС) үшін түсетін барлық аударым мен жарна  Ұлттық банктегі қордың шотында сақталады. Банк өз тарапынан сеніп тапсырылған қаражаттың сақталуын толықтай қамтамасыз етеді. Түскен қаражат МӘМС жүйесі іске қосылғаннан кейін сақтандыру шеңберінде көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*