Дональд Трамп: Ресей G8 –ге қайта оралуы тиіс

825
0
Бөлісу:

АҚШ президенті Дональд Трамп «Канаданың Квебек қаласында өтетін G7 саммитіне Ресей міндетті түрде қатысуы тиіс» деп мәлімдеді.

–Бұл Сіздерге ұнай ма, жоқ па, ол жағын білмеймін, Бірақ бұрын болғанындай, Ресей G8 келіссөз столына қайта келуі тиіс, өйткені көп мәселені бәріміз бірігіп шешуіміз керек, – деп мәлімдеді АҚШ президенті журналистерге берген сұхбатында.

Бірақ бұл қаншалықты мүмкін, өйткені бірер күннен кейін Канадада «Үлкен жетіліктің» саммиті басталады. Ал Ресей Қырымды аннекциялағаннан кейін басқа елдер G8 –діктің құрамынан Ресейді шығарып тастағаны белгілі. Алайда «Трамп айтты екен» деп қалған жетілік Ресейді өздерінің тобына қоса қояр ма екен? Әлемнің жетекші елдері егер  Ресей сыртқы саяси бағытын өзгертпесе, оны сегіздікке енгізудің күрделі екендігін мәлім еткен. Алайда кейінгі кезде Ресейді аталған топқа кіргізу туралы мәселе жиі көтеріліп жүр.

Жалпы «Үлкен сегіздіктің» құрамына осы уақытқа дейін Германия, АҚШ, Канада, Жапония, Франция, Ұлыбритания,  Италия және Ресей енгені белгілі.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*