Зайырлы сананы нығайту маңызды

205
0
Бөлісу:

Соңғы жылдарда қазақстандықтардың өмір салты мен дүниетаным жүйесіндегі діннің рөлі айтарлықтай артып келеді. Осының бір дәлелі xалық арасындағы дінге бет бұрушылардың тұрақты өсу динамикасы болып табылады.

Бүгінгі күнде қоғамда зайырлы сананы нығайту, оны сыртқы рухани агрессиядан қорғау аса маңызды.  Тұрғындарда біздің еліміздің болашағы зайырлы ұстанымдарда дамушы индустриалды – инновациялы Қазақстан ретіндегі нақты түсінік қалыптастыру қажет.

Тұрғындардың санасына «рухани және діни құндылықтар ғылымның, өнердің, өнеркәсіптің, азаматтық қоғамның дамуына қандайда бір кедергілер тудырмауы және тежемеуі қажет, керісінше елдің гүлденуіне, барлық саланың дамуына қолайлы жағдайлар құруы тиіс екендігі» идеясын жеткізу аса маңызды.

Азаматтардың дін саласында мемлекеттік саясат сұрақтары бойынша толық және шынайы ақпарат алудағы конституциялық құқықтарын жүзеге асыру, тұрғындарға террористік және экстремистік қызметтің қоғамға қарсы мәнін білікті түрде түсіндіру, олардың діни сауаттылығын арттыру, азаматтарды Алматы қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді қатысуға жұмылдыру мақсатында Ақпараттық түсіндіру тобы (АТТ) құрылған.

АТТ қызметі жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік кәсіпорындармен, мемлекеттік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен өзара бірлескен әрекеттің тұрақты негізінде жүзеге асырылады.

Алматы қаласында АТТ қалалық және аудандық деңгейде құрылады. АТТ  құрамына  дінтанушылар,  теологтар,  заңгерлер, психологтар, мәдениеттанушылар, МЕҰ, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтардың, шығармашылық зиялы қауымның, діни бірлестіктердің өкілдері, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, терроризмге қарсы комиссияның мүшелері кіре алады.

АТТ негізгі міндеттері:

Тұрғындардың әртүрлі топтарында дін саласында негізгі білімдерін қалыптастыру, сонымен бірге азаматтардың Қазақстандағы конфессия аралық келісім және діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат туралы хабардарлығын арттыру, тұрғындармен дін саласындағы мемлекеттік саясатқа қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

Азаматтардың дін саласындағы құқықтық сауаттылығы деңгейін көтеру арқылы құқықтық мәдениетті қалыптастыру;

конфессия аралық және конфессиялық негіздің ішінде мүмкін болатын әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу және ескерту;

Азаматтардың арасында гуманизм принциптерін, қазақстандық қоғамның төзімділігі және рухани бірлігі идеяларын қалыптастыру және тарату;

тұрғындарды Қазақстандағы діни бірлестіктердің және ағымдардың қызметі туралы хабардар ету, сонымен бірге дәстүрлі діндердің қызметінің мәнін ашу;

Қоғамда жалған діни және радикалды ұйымдар және ағымдар идеясының таралуының алдын алу;

Қоғамда діни экстремизмді және терроризмді насихаттайтын идеологияның таралуының алдын алу;

Радикалды діни идеяларды ұстанушылар арасында, оның ішінде қылмыстық – атқару жүйесінің мекемелерінде жаза өтеушілердің арасында оларды дәстүрлі діни құндылықтарға қайта оралуы, әрі қарай қоғамға бейімделуі мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Ақпараттық түсіндіру тобы қазіргі кезеңде «Мониторинг және талдау орталығының» атынан белсенді түрде жұмыс жасауда. Сонымен қатар, алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін «Зайырлылық және дінтану негіздері» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне арналған курстар жүргізіліп жатыр. Оқытушылар қатарында дінтану саласындағы бірнеше профессорлар:  Қ. Борбасова,  Б. Бейсенов, Нұр-Мүбарак Египет ислам университетінің оқытушысы А. Дүйсебаева т.б бар. Бұл курстар Алматы қаласы Дін істері басқармасының тапсырысымен жүргізілуде.

Тоғжан ШАПТАЕВА,

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының  «Мониторинг және талдау орталығының» бас маманы

Бөлісу:

Пікір жазу


*