ЕЛБАСЫ АЛҒАШҚЫ ОЙЫНДЫ ТАМАШАЛАДЫ

153
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының ашылу рәсіміне арнайы келіп, турнирдің алғашқы ойынын тамашалады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласындағы «Лужники» ста­дионында футболдан 2018 жылғы Әлем чемпиона­тының ашылу рәсіміне қатысты.
Ашылу рәсімі аяқталған соң, Ресей және Сауд Арабиясы құрама командалары арасында чемпио­наттың ақтық кезеңінің бірінші ойыны өтті.
2018 жылғы Әлем чемпионатының ақтық кезеңі 14 маусым мен 15 шілде аралығында өте­ді. Турнирге 32 ұлттық құрама қаты­сады. Ко­ман­далар арасындағы ойындар Ресей Федера­циясының 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.
Айта кетейік, тартысты ойында Ресей құра­масы Сауд Арабия қақпасына жауапсыз бес доп соғып, турнирдегі алғашқы нәтижелі есепті тіркеді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*