Кітапханаға қызығушылық оянды

254
0
Бөлісу:

Қарағанды қаласындағы Абай атындағы балалар кітапханасында «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталығы» атты партиялық жоба шеңберінде коворкинг орталығы ашылды. Салтанатты рәсімге «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова, Облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Оспанова, «Таланттар үйінен» Азиза Печорина, «Жас Отан» ЖҚ мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

«Нұр Отан» партиясының бастама­сымен шағын және орта бизнесті қолдауға, білім беру жүйесін жетілдіруге, «Цифрлы Қазақстан», Рухани жаңғыру» бағдарламаларын жүзеге асыруға және партияны жаңғыртуға бағытталған 22 жаңа жоба бар.
Қарағанды облысында партиялық қолдаудың нәтижесінде тұңғыш коворкинг орталық Шахтинск қаласында ашылған. Жыл соңына дейін, осындай орталықтарды облыстың барлық қалалары мен аудандарында ашу жоспарланған.
– Коворкинг орталықтарын ашу облыс тұрғындары үшін айрықша оқиға. Аталған орталықта жастар кітап оқумен қатар, тілдерді үйреніп, тығыз қарым қатынас орнатуға бар мүмкіндік жасалған. Оқырмандар үшін жайлы орындар, кітап сөрелері мен үстел ойындары қарастырылған. Мұнда Wi-Fi арқылы интернетке тегін шығып, арнайы жабдықталған компьютерлерде жұмыс жасауға болады,–деді Қадиша Оспанова.
Заманауи білім орталығының Абай атындағы кітапханада ашылуы тегін емес. Балалар кітапханасының ашыл­ғанына 60 жыл. Кітап қоры 130 мыңды құрайды. Бұл Қазақстандағы балалар кітапханаларының арасында ең ірісі. Жыл сайын кітапханаға 12 мың жаңа оқырман келеді. Жаһандану кезеңінде қалалық кітапхана дәстүрлі форматтан заманауи форматқа көшіп жатыр. Жасөспірімдер арасында кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту үшін ұдайы ізденіс үстінде.

Ләззат Қожахметова,
Қарағанды облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*