Тындырымды жұмыс жалғасады

463
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облысы Жуалы аудандық филиалында жергілікті мәслихаттағы депутаттық фракцияның отырысы өтті.

Жиынға аудандық мәслихаттағы 12 фракция мүшесі, филиал қызметкерлері қатысты. Депутаттық фракция жетекшісі Анар Ахметова биыл атқарылған жұмыс­тар­дың есебін берді. Отырысқа қатысу­шыларды Елорданың 20 жылдық мерей­тойымен құттықтап, Елбасы – партия Төрағасы Н.Назарбаевтың 20 жыл ішін­дегі даму жолдарын айта келе, фрак­цияның атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталды.
Есепті мерзімде аудандық мәслихатқа сайланған 13 депутаттың бәрі «Нұр Отан» партиясының мүшелері, депутаттық фракция мүшелері өңірдегі қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шараларға белсенді қатысып, түрлі әлеуметтік топ­тар арасында Елбасының Жолдауын, бағдарламалық мақаласын, әлеуметтік бастамаларын насихаттауға атсалыса отырып, қайырымдылық іс-шараларына, партиялық жобалар аясында өткізілетін шаралардың бел ортасында болғандығын жеткізді.
Бірінші жартыжылдықта депутаттық фракцияның мүшелері 39 қоғамдық қа­был­дауға келген 76 адамның өтінішін қа­былдап, оның ішінде 69-ының оң ше­шім табуына ықпал етсе, 7 адамға түрлі кеңес беріп, түсіндірме жұмыстарын жүр­гізген.
Республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыландыру мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау бойынша партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фрак­циясы жанынан құрылған комис­сиялардың отырыстары әр тоқсан сайын ұйымдастырылып, есептері тыңдалған. Отырыста есеп берген бөлім, мекеме бас­шылары мен кеңес төрағаларына сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынып, ал­дағы уақытта орындалар тапсырмалар нақ­тыланды. Партияның мәслихат­тар­дағы депутаттық фракцияларының жұ­мысына жариялылық беру мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құрал­дарына материалдар беріп отыру тәжіри­бесі жалғасын тапқан.
Аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерінің қатысуымен өткен шаралар бойынша облыстық «Ақжол» газетіне – 3, аудандық «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетіне – 14, әлеуметтік желілерде 29 материал жарық көрген. Алдағы уақытта, «Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері Елбасы – партия Төрағасы Н.Назарбаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясатқа кең қолдау көрсетіп, партияның бағдарламалық құ­жаттарындағы талаптарды жүзеге асыру мақсатында жоспарлы жұмыстарын жүр­гізу жалғасатын болады.

Ерман ӘБДИЕВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*