Байыпты бастаманың берері мол

249
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуін жариялағаны белгілі. Үндеу халықтың көкейінде жүрген негізгі оймен ұштасып жатыр.
Үндеуде бас­пана мәселесінің қарас­тырылуы көңіл қуантады. Қаншама адам қаражатын жинап баспанаға қол жеткізе алмай жүрген болса, пайызы төмен бағдарлама осы мәселені шешуге септігін тигізеді.
Ауданымызда құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жүргізіліп келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандырып, тұрғын үйлерді аудан орталық­та­лықтарында да салу мақсатында жұ­мыстар жүргізілсе екен деймін. Екінші бастама – «Жалақысы төмен жұмысшы­лар­дың еңбекақысын көбейту үшін олар­дың салық жүктемесін азайту» да өз жемісін беретіні сөзсіз. Себебі, жала­қысы аз жұмысшылар жетерлік.
Ең қуантарлығы, Президенттің жаста­рымыздың білім алуына жағдай жасау мақсатында айтылған «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арт­тырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» туралы үшінші бастамасы. Себебі, менің екі балам ке­зінде грантпен жоғары білім алды, қазіргі таңда өз қызметтерінде. Биыл бір балам мектеп бітіреді. Елбасының гранттарды көбейтіп, жаңа жатақханалар салу туралы тапсырмасы, биылғы мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына түсуіне, жатақ­ханамен қамтамасыз етілуіне мол мүм­кіндіктер беретіні сөзсіз. Сонымен қатар ауданымызда әп-әдемі колледж бар. Жаңа ғимарат салу мүмкін болмаса да, осы «Президенттің бес әлеуметтік баста­масы» аясында заманауи үлгідегі жатақ­ханамен қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр деп ойлаймын. Жатақхана тапшылығын шешу туралы Елбасы тап­сырмасының ауданда орындаларына сенемін.
Елбасының «Шағын несие беруді көбейту» туралы бастамасы да ауданымыз үшін шағын бизнесті одан ары дамытуға оң мүмкіндік беретіндігі көңілге қуаныш ұялатады.
Бесінші бастама – «Елді газбен қам­тамасыз етуді жалғастыру». Елбасымыз атап өткендей, тұрғындардың 50 пайызы көгілдір отынның игілігін көріп отыр, осы 50 пайыздың ішінде аудан тұрғын­да­рының бары қуантады. Көгілдір отынның игілігін көруді одан ары жалғастыруды қолға алатын бұл бастаманың қазақ­стандықтар үшін маңызы ерекше болмақ.
Елбасымыз: «Бүгінгі бастамалар елі­міз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асады. Ел бірлігі – ең бірінші қазақтың бірлігі. Жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ алдымен өзі­мізге, қазаққа керек. Тарихтың өзі дәлелдеген бір ақиқат бар – халқымыз бірлікте болса күшейген, бірлігі қашса әлсіреген», – деген болатын, олай болса халқымыздың бірлігі мен тірлігі әлсіре­мей, одан ары нығая берсін. Тәуелсіздігіміз баянды болып, табысымыз еселеніп, бал­таласа да бұзылмайтын берік ауызбір­шілігіміз артсын.
Нұрлан Меңдешов,
«Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы
Саяси кеңесінің мүшесі

Бөлісу:

Пікір жазу


*