Ақпараттық топ ауылда жүр

205
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық филиалына қарасты «Оңтүстік» бастауыш партия ұйымы «Өрле, Қазақстан!» ақпараттық-түсіндіру тобымен Бөкей ордасы колледжі базасында ауыл жастарымен кездесу ұйымдастырды.
Топтың негізгі мақсаты – жастар сая­сатына қатысты өзекті мәселелерді тү­сіндіру, белсенді қыз-жігіттерге қол­дау көрсету. Топ құрамында: Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы кооперация бөлімінің бас маманы Жанна Калешова, Облыстық білім басқармасының кәсіптік білім және кадрлар дайындау бөлімінің бас маманы Айжан Еспенбетова, Дін мәселелерін зерттеу орталығының ма­маны Абдурасул Әбдрашит, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысының орынбасары Альфия Жақсығалиева, «Интеграл» жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Аида Мектепқалиева, «Батыс-Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің төраға­сы Әділет Берікқалиев және «Жайық жастары» көңілді тапқырлар коман­далары бар.
Бұл топ – жастардың еркін дамуы үшін жағдай жасауға, олардың эконо­микалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына және жүзеге асырылуына, жастар белсенділігінің дамуына, олар­дың жаңашыл әлеуетіне, ғылыми, техникалық және әдеби шығарма­шылығына, патриоттық тәрбие алуы­на, жастар арасындағы мәдени-ағар­тушылық, дене шынықтыру, сауықтыру жұмыстарына ықпал етеді.
Кездесу барысында қонақтар жас­тар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ал көңілді тапқырлар ко­мандасы көрермендерге әзілдерін тарту етті.
Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*