ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ АРТА ТҮСЕДІ

550
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады.
Кездесу барысында Қайрат Мәми Нұрсұлтан Назарбаевқа Конституциялық реформаның жүзеге асырылу барысы, сон­дай-ақ Конституциялық кеңес қыз­метінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнін­де баяндады.
Қазақстан Президенті Конс­титуциялық кеңестің Ата заң үстемдігін қамтамасыз ететін мем­лекеттік орган екеніне тоқ­талып, оның әлеуетін одан әрі арттыра түсу қажеттігіне назар аударды.
– Парламенттің, еліміздегі мемлекеттік органдардың қа­был­даған бүкіл заңдары мен нормативтік құқықтық актілері Конс­титуция ережелеріне және нормаларына толық сәйкес келуге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Конститу­циялық кеңес төрағасы Мем­лекет басшысына Қазақстан Рес­публикасының Конституция күнін мерекелеуге дайындық ба­рысы жөнінде мәлімдеді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*