ҰБТ: 14 633 оқушы тиісті балды жинай алмаған

824
4
Бөлісу:

Биыл Қазақстанда 98 698 бітіруші түлек ҰБТ тапсырған. Орташа балл көрсеткіші – 83,1 болса, ең жоғары 140 балды алматылық түлек жинаған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық бірыңғай тестілеу» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов: «Жалпы, биыл ҰБТ 167 пунктте өткізілді. Соның ішінде колледждер базасында – 3, жоғары оқу орындары базасында – 48, мектептер базасында 116 тес тапсыру орталықтар болды. ҰБТ тапсыруға 102447 өтініш берілді. Соның 77224-і – қазақ тілінде, 25177-сі – орыс, 46-сы ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірген. Биыл 98 698 бітіруші ҰБТ тапсырды. Былтыр 88583 түлек ҰБТ тапсырған», – деді ол.

Оның айтуынша, 9 мектеп бітірушінің тапсырған емтихан нәтижелері күшін жойған. Шектік деңгейден 84065 бітіруші өтті. Шектік балды жинай алмағандар саны – 14 633. Биыл бес пән бойынша орташа балл 83,1 болса, былтыр бұл көрсеткіш 80,5 балл болған.

www.kazinform.kz

Бөлісу:

4 пікір жазылған

  1. Айзада 3 Шілде, 2018 at 15:59 Жауап

    шектік бал жинай алмаған түлектер алдағы уақытта дайындалып қайта тапсыруға мумкіндігі бар!

Пікір жазу


*