Жаңа білімге жеткізер бастама

464
0
Бөлісу:
Нұр Отан логотип

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен оты­ры­сында халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бас­тамасы» Үндеуін жариялағаны белгілі. Үндеудегі үшінші бастама – жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арт­тыру мәселесін сөз еткім келеді.

Мемлекет басшысының Үндеуіндегі жағымды жаңалық – 2018-2019 оқу жылында қосымша 20 мың гранттың бөлінетіндігі. Гранттың көпшілігі техникалық мамандықтарға беріледі. Бұл жастарға деген мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі.
Ауданымызда 600-ге жуық студент жоғары оқу орындарында білім алуда. Өткен жылы 142 түлектің 114-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 71 түлек жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алды. Биыл аудан мектептерін 178 оқушы аяқтаса, күні бүгінге дейін оның 155-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдіріп отыр.
Елбасы Үшінші бастамада атап көрсеткен білім гранттары санының өсуі мектеп түлектері үшін жоғары білім алу мүмкіндігінің жоғарылайтындығын аңғартады.
Бүгінгі таңда бүкіл әлем техника мен технологияның тереңінен дамып, цифрлық жүйенің кеңінен қарқынды кезеңіне қадам басуда. Дамыған елдер қатарына қосылу үшін де көштен қалмау керек-ақ.
Әлем Қазақстанды кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен, әнші Димаш Құдайбергенмен, аты алты құрлық асқан EXPO – 2017 көрмесімен, қазба байлығымен таниды. Енді елімізді жастарының білімділігімен, ғылыми жетістіктерімен білетін болады деп сенеміз.
Мемлекет басшысы Үндеуде: «Қазір – біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт. Біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз» деген болатын. Сондықтан дамудың жаңа үлгісіне көшуіміз керек.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты еімізді дамудың даңғыл жолына түсірді. Тек ұлт болып ұйысып, бірлік барда тірлік барын естен шығармайық.

Миранбек ИБАТОВ,
«Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы
«Батыс» БПҰ-ның төрағасы,
Батыс Қазақстан облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*