Тегін медициналық қызметке 396,9 миллиард теңге бөлінді

437
0
Бөлісу:

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 396,9 млрд теңге көлемінде қаржы бөлген.

Медициналық сақтандыру қоры басқармасы төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова биыл шілденің 9-ына дейін қормен келісімшарт бекіткен медицина мекемелеріне 396,9 млрд теңге берілгенін айтты. «Бұл – кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көмек көрсету жөнінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 56 пайызы. Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті» деді ол.

ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы – 704,5 млрд теңге.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниетті 1359 медициналық ұйыммен келісімшарт бекіткен. Оның 599-ы – жекеменшік емханалар. Биыл жеке емханалардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 138-ге көбейген. Бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғымен салыстырғанда 2 есеге артып, 93,5  млрд теңгені құрады.

А. Ахметқазы

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*

Оқуға кеңес береміз