Бақытжан Сағынтаев: «Студенттерге жатақхана салмаған аймақтар көп»

687
3
Бөлісу:

Бүгін Үкімет отырысында Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Елбасының Бес бастамасын  жүзеге асыру баяу жүріп жатқанын айтты.

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жұмыстары кейбір аймақта әлі күнге дейін қолға алынбаған облыстардың әкімдеріне ескерту жасады. «Біз соңғы айларда көп өңірлерге ескерту жасадық. Жарты жылдың қорытындысы бойынша, әсіресе, соңғы айда үлкен өзгерістер болғанын көріп отырмыз. Соған қарамастан, үй құрылысына келетін болсақ көпқабатты тұрғын үйлерді пайдалуға беру Алматы облысында – 20, Атырау облысында – 45, Жамбыл облысында – 35, Түркістан облысында – 30, Алматы қаласында 56 пайызды құрайды. Қызылорда облысында бірде-бір үй жоқ. Жарты жыл өтті, сол 20-30 пайыздың соңында жүрміз. Қажетті қаржы берілген. «Жұмыстың барлығы атқарылды» деп баяндап отырсыздар. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасына кіретін жатақхана мәселесіне келетін болсақ, 8 өңірде ғана жатақхана пайдалануға берілген. Атап айтқанда, Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысы, Астана мен Алматы қалалары. Басқа өңірлерде бірде-бір жатақхана, бірде-бір шаршы метр пайдалануға берілмеген. Осыны ескеріңіздер» деді Бақытжан Сағынтаев.

Елбасы бес бастаманың бірі  – студенттерге арналған жатақхана мәселесінің өте өзекті екенін айтқан болатын. «Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Бұл міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы керек. Мемлекет өз тарапынан Білім және ғылым министрлігі арқылы жатақхана құрылысына жұмсалған инвестициялардың белгілі бір бөлігі біртіндеп қайтарылуына кепілдік береді. 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын» деген еді. Бірақ қазіргі баяу қалыппен жатақхана мәселесі шешімін қашан түбегейлі шешімін табатыны белгісіз.

Тұрғын үйге мұқтаж жандар үшін өткен аптада «7-20-25» бағдарлармасы жүзеге асырыла бастағанын хабарлаған болатынбыз.

Майра БАҚЫТ

 

Бөлісу:

3 пікір жазылған

  1. Самат 31 Шілде, 2018 at 10:56 Жауап

    Казахстан это страна новых возможностей. Радует, что несмотря на удар по бюджету страны, правительство в первую очередь думает о населении

  2. Даурен 31 Шілде, 2018 at 10:56 Жауап

    Ия бұл жұмысты жедел түрде жүргізу керек. Қаншама мәселелер шешілуде жатақхана салынумен

  3. Абылай 31 Шілде, 2018 at 10:57 Жауап

    Студенттік жатақханалар құрылысы жастарға сапалы білім алып, кәсіби маман атануға тағы бір қадамға жақындатып отыр

Пікір жазу


*