Халыққа қызмет – абыройлы міндет

698
0
Бөлісу:

Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Евгений Козлов, Глеб Щегельский, Сергей Симонов және Снежанна Имаше­ва Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Олар маман­дан­дырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, орталықтың жұмысымен танысты.
– Парламенттің кезекті сессия­сының қорытындылары бойынша тұрғындармен Парламент жұмысымен және Мемлекет басшысының баста­маларының қалай жүзеге асырылып жатқандығын жеткізу мақсатында кездесулер өткізудеміз. Осы жұмыс аясында бүгін мамандан­дырылған халыққа қызмет көрсету орталығын аралап шықтық. Аталған орталықтың жұмысы көңілден шықты. Бұл Қазақ­станда ең жаңа әрі халыққа қызмет көрсету орталықтардың үздігі деп айтуға болады. Іші өте кең, халыққа барлық жағдай жасалған. Қызмет көрсетудің барлық түрі бар, соның ішінде электрон­дық қызмет барлық жерде көр­сетіліп, стандарттарға сай жұмыс істеуде, – деп Снежана Имашева орталықтың жұмысына жоғары баға берді.
– Орталық биылғы 31 мамыр күні ашылды. Біз азаматтарды таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін қабылдап, күніне 500-600 тұрғынға қызмет көрсетеміз. Статис­тика бойынша айына 8 мың өтініш келіп түседі. Жүргізуші куә­лігін екі сағатта да­йын­­дап береміз. Халық риза. Келіп алғыс­тарын айтып кетеді, – деді арнайы маман­дандырылыған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Луиза Құсайынова.
Кездесу қорытындысы бойынша депутаттар арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жақсы пікір білдірді.
Назгүл ҚОЖАНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*