Роза Рымбаева Лукашенконың қолынан марапат алды (фоторепортаж)

317
0
Бөлісу:

Қазақтың жезтаңдай әншісі Роза Рымбаева Беларусь Президенті Александр Лукашенконың қолынан  «Витебскідегі Славян базары» XXVII халықаралық өнер фестивалінде 2017-2018 жылдары мәдениет саласына өлшеусіз үлес қосқаны үшін марапат сыйлығын алды.

«Өнер арқылы –бейбітшілік пен өзара түсіністікке»  деп аталатын арнаулы сыйлыққа ие болған Роза Рымбаева «қазақ халқының алтын дауысты» әншісі екендігі фестивальде аталып өтілді. Александр Лукашенконың қолынан арнайы марапатты алған Роза Қуанышқызы беларусь халқына, Президент Александр Лукашенкоға алғыс сезімін білдірді.

Роза Қуанышқызы әр жылдары «Славян базары» халықралық фестивалінде әділқазылар алқасының мүшесі болғанын айта кеткен жөн. «Орта Азияның бұлбұлы» атанған әнші беларус пен қазақ халқының арасында мәдени байланыстар жандана беретінін атап өтті.

Витебскідегі Жұлдыздар алаңының жазғы амфитеатрында оның есімі ойып жазылғанын да  айта кету қажет.

Беларусия мен Қазақстан мемлекеттері арасында қашан да жылы қырым-қатынас болған солай береді де. Сол үшін менің өнеріме жоғары баға беріп, жылы қабылдау жасағаны үшін Президент Лукашенко мен беларусь халқына айрықша алғыс сезімімді білдіремін, –деді Роза марапат салтанатында Роза Рымбаева.

–Роза Рымбаеваның шығармашылығы Беларуссияда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде  танымал. Оның шырқаған әндерін халықаралық өнер фестивалі мен сахнада ғана емес, адамдар отбасылық мерекеде де құрметпен жиі айтады. Розаның әндері халыққа қуаныш сыйлайды, елдің көңіл күйін көтереді. Роза Рымбаева өзінің талантымен Беларусь пен Қазақстан халқының арасында ынтымақтастық пен достықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді, –деді салтанатты рәсімде сөз алған Беларуссияның Мәдениет министрі Юрий Бондарь.

Бір айта кететін жайт, қазақтың жезтаңдай әншісі беларусьтерді өз өнерімен ғана таңқалдырған жоқ. Ол Витебскіге қазақтың ұзын бойлы, нар тұлғалы жігіттерімен қатар, әдемі, сұлу  бес аруын да  ертіп барды. Қазақтың мәрт жігіттерімен қызыл кілемнің үстімен жүріп өткен Роза Қуанышқызы осылай қазақтың қандай халық екенін халықаралық аренада тағы бір көрсетті. «Ресейдің Комсомольская правда» газеті «Роза Рымбаева привезла в Витебск пятерых карасавцев казахов» деп жазып, арнайы фоторепортаж берді.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*