Неймар «Реалға» бармайтын болды

151
0
Бөлісу:

Бразилиялық футболшы Неймар  «Реал»-ға ауыспайтын болды.

«Соңғы кезде бразилиялық шабуылшы Неймар мен біздің клубқа қатысты сөз болып жатыр. Бірақ ол ойыншыны ауыстыру жайында  ешқандай ұсыныс жасау жоспарлаған емеспіз. Қандайда бір ұсынысымыз болса, алдымен клубтың өзімен байланысар едік» деп Мадридтік футбол клубы мәлемдеме жасады.

Сонымен қатар, олар «Пари Сен-Жермен» клубымен сыйластығы жақсы екенін жеткізді.

Еске салсақ, «ПСЖ» Неймарды 222 млн евроға сатып алған. Ол «Барселона» клубынан өткен жазда ауысқан болатын.

Негізі, «Реал» мен Неймардың арасында келіссөздер жүріп жатқандығы жайында Бұқаралық ақпарат құралдары көктемде хабарлаған. Олардың айтуынша, мадридтік клуб Неймарды 260 млн евроға сатып алмақшы болған.

Ернар МҰСА

Бөлісу:

Пікір жазу


*