Мөлдірдің мөлдір жырлары

350
0
Бөлісу:

Қызылордадағы Абылай хан атындағы колледждің 3 курс студенті Мөлдір Әбдірауы­шованың «Нұрлан, жүрек!» атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты.
Бұған дейін Мөлдірдің өлең­дер жинағының тұсаукесері туған жері Арал ауданының Аманөткел ауылында өткен еді. Жас ақынның өжеттігі, ұшқыр ойының қылыш­тай өткірлігі осы жинақта айқын көрініс табады. Жинақта «Нұр­лан, жүрек!», «Жаным мұңды», «Балалығым», «Қалың тұман басады», «Біз – қазақпыз!», «Ба­қытсыз деп ойлама!», «Мама», «Пенде болғым келмейді», «Әкеме», «Ұстазыма», тағы басқа жүзге тарта өлеңі бар. Та­ланттар өздігінен таныла бер­мейді. Оған белгілі бір себеп пен сезім, рухани күш пен талап ке­рек. Оның талантын шыңдайтын шығар­машылық шабыт қажет.
Мөлдір Нұрланқызы 1995 жылдың 22 сәуір күні Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылында дүниеге келген. Ол – ақын, шайыр, жыршы, термеші Нұртуған Кенжеғұлұлының ұр­пағы. «Абай оқулары» сайысының жеңімпазы. Абылай хан атындағы колледжде дәріс алып жүргеннен бері түрлі жетістіктерге жетті. Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы бойынша «Кемел ойлы, көркем сөзді шежіре» атты оқырмандар конференциясына белсене қатысты. «Тіл шебері» аудандық байқауында өзінің шығармашы­лығымен көзге түсті. Алматыда өткен республикалық «Болашақ баспагер – редактор» байқауында «Ең үздік корректор» сайысында ІІ орынға ие болды. Респуб­ли­калық қазақ тілі пәнінен өткі­зілген интернет олимпиада­сында 2-орынды иемденген. Бола­шақта еліне елеулі маман иесі болып, үміт артқан жандар­дың сенімін ақтасам деген үкілі үміті бар.
Ақын жүрегі сезімтал, өте нәзік келеді. Бойдағы талантқа нұр себелеп, қолдау көрсетіп, де­меп жіберу – сіз бен біздің адам­заттық борышымыз. Мөлдір – болашағынан үміт күттіретін жас дарын. Осындай талантты жаста­рымыздың талантын шыңдау – ұстаз міндеті екенін ұмытпа­ғанымыз абзал.

Жанар ЖҰМАНОВА,
Айгүл АҒЫБАЕВА,
Абылай хан атындағы
колледждің оқытушылары

Бөлісу:

Пікір жазу


*