Түркістанда көпқабатты тұрғын үй салынбайды

239
0
Бөлісу:

Бұдан былай Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі көрінбей қалмау үшін  көпқабатты тұрғын үйлер салынбайтын болды.

– Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мүмкіндігінше барлық жерден көрініп тұруы қажет. Сондықтан бой көтеретін тұрғын үйлер көпқабатты болмайды,   – дейді Түркістан облысының әкімі Жансейт Түймебаев.

Айтуынша, ендігі салынатын үйлер кесененің биіктігінен аспайтын,  Орта-Азиялық стильде, яғни көне дәуірдегі сәулетпен салынбақшы. «Сонда еліміздегі бір қала ескі келбетпен бой көтереді» деді облыс әкімі.

Сонымен бірге, Түркістанды туристер үшін қолайлы  аймаққа айналдыру үшін жаңадан әуежай, теміржол вокзалы мен автовокзал және қонақүйлер, дәмханалар салыну жоспарлануда.

Анар ЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*