Алимент төлемейтіндер қай облыста көп?

487
0
Бөлісу:

Биыл Қазақстанда 13 685 адам балаларына алимент төлемеген. Олардың қарызы – 5 миллиард.

Әділет министрлігінің статистикалық көрсеткіші бойынша алимент төлемеуден  бірінші орында Қызылорда облысы – 3 327 адам. Екіншісі, Қарағанды облысы – 1 767 адам, оның қарызы 2 миллиард теңге. Астананың қарызы – 1 миллиард теңге,  ол жақта баласына алимент төлемегендердің саны – 1 417. Ал Шығыс Қазақстан облысының қарызы –  353 миллион теңге екен.

Бұл – 2018 жылдың 5 айлық көрсеткіші. Бұған соңғы үш айда алиментті  созып жібергендер мен мүлдем төлемегендер есепке алынған.

Ернар МҰСА

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*