Астанаға деген сағыныш

326
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының Маң­ғыстау облысы Жаңаөзен қалалық филиалының құрамындағы «Шаңы­рақ» бастауыш партия ұйымы «Астанам­мен мақтанам!» тақыры­бында шара өткізді.

Басқосуға Жаңаөзен қалалық орталық кітапханасының Қызылсай ауылындағы №3 бөлімше меңгерушісі Гүлбаршын Исаева, Қызылсай ауылы әкімдігінің бас маманы Райымбек Сырымов және ауылдың белсенді жастары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында «Елор­да­ның тарихы», «Астана неден бас­талды?», «Астана – қазақ елінің аста­насы» атты тақырыптарда баян­дамалар оқылып, қатысушылар пікір бөлісті.
– 6 шілде – еліміздегі елеулі күн­дер­дің бiрi. Бұл – әсем Астананың туған күні. Астана мерейтойы – елі­міздің маңызды жалпыұлттық мей­рамы. Астана әлемдік сәулет өнерінің соңғы туындыларының бiрi. Сарыар­қаның ортасында сағымдай бол­ған «Хан Шатыры», «Астана – Бәйте­рек», «Пирамида» секілді көгілдір түске боял­ған сарайлары, музыка әуеніне биле­ген су бұрқақтары, ЕХРО ғима­раттары жә­не соңғы үлгідегі салынған кеңселер мен көздің жауын алатын тұрғын
үйлер – сәулет өнерін­дегі үздік туындылардың бірі. Осының барлығы санаулы жылдар ішін­де бой көтеріп, әлем қонақтарын таң қалды­рады, – деді ауыл тұрғыны Райымбек Сырымов.
Шын мәнінде шалғайда тұратын­дардың Астанаға деген сағынышы бір сәтке де басылған емес. Олардың да бар армандары – елорданы көру.

Замира БОЛАТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*