Дамудың негізі

1066
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі Қазақстанның кемелді келешегін қамтамасыз етуге бағытталған нақты іс-шара жоспары болып табылады және мемлекеттің экономикасын дамытуа арналған қарышты қадам екеніне сенім зор.

Мемлекет басшысының Үнде­уіндегі бадарламалар халқымыздың тұрмыс деңгейін, білім сапасын жақ­сартуды көздейді. Бес әлеуметтік бастамадағы басымдылықтар эко­номикалық жағынан ғана емес сон­дай-ақ әлеуметтік тұрыдан да ай­рықша артықшылыққа ие.
Ерекше айтып өтетін жаңалық,  «7 – 20 – 25» деп аталатын ипотекалық несие бадарламасы. Менің ойымша, бірінші және маңызды, Президент бастамасы – «7 – 20 – 25» формуласы бойынша «Әрбір отбасы үшін жаңа мүмкіндік тұрын үй сатып алу». Тұрғын үй мәселесі, Елбасының айтуынша, бұл «әлеуметтік маңыз­дылығы айрық­ша мәселе».
Ипотекалық несиенің қазірге дейінгі 14 -16 пайыздың орнына 7 па­йыздан аспайтындығы, үй құрлы­сына салынатын бастапқы үлес қазір – 30, ал кей жерде 50 пайыз болса, енді оның орнына 20 пайыздан аспайтын­дығы, несиені төлеу мерзімі 10 – 15 жыл­дың орнына 25 жылға дейін ұзар­тылуы қазақстандықтарды қуантты. Мұның бәрі халық үшін зор жеңілдік боп саналады.
Салықтық жүктемелердің азайты­луы – өте маңызды. Тұрмыс деңгейі төмен адамдарға 2019 жылдың 1 қаң­тарынан бастап қазірге дейінгі 10 па­йыздың орнына небәрі 1 пайыз салық салынады. Бұл – Елбасының екінші бастамасы.
Жақсы табыс болуы үшін, жоғары біліктілікке ие болу керек. Жаһандық тренд – білім алу. Сондықтан мемле­кет басшысы жоғары білім берудің сапасын арттыру мен қолжетімділігін алға қойып отыр. Қосымша 20 мың грант және олардың жалпы санын 74 мың жеткізуді 2018/19 оқу жылынан бастап бөлу ұсынылды. Үшінші бас­тама да жоғары оқу орындарына бө­лінетін гранттармен ерекшеленіледі.
Нарықтық экономиканың негізі – кәсіпкерлік және бұқаралық кәсіп­керлікті дамыту – бүгінгі басты мін­деттердің бірі. Шағын несиелен­діруді шағын бизнестің бастауы деуге бо­лады. Әртүрлі сала қызметкерле­рінің, өз бетінше жұмыспен айналысу­шыларды және жұмыссыздардың өз ісін бастау жеңілдетілген несиелер беру жақсы мүмкіндік болып табыла­ды. Төртінші бастама бойынша шағын несие беруді көбейту көзделген.
Бесінші бастама бойынша елді газдандыру жұмысы жаңаша қарқын алмақшы. Бұл бастамалар мемлекетті нығайтуға жасалған ауқымды қадам деп бағалаймыз.

Ғалиябану МҰҚАНОВА,
Шортанды аудандық мәслихатының депутаты,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі,
Ақмола облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*