Аймақтар дами береді

603
0
Бөлісу:

Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Сергей Симонов және Михаил Чирков Ақтөбе облысындағы сапарлары барысында Родниковка ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ауылдық округтің орталығы – Родни­ковка селосы Ақтөбе қаласынан 40 шақы­рым, аудан орталығынан 65 шақырым жерде орналасқан. Округте 1385 адам тұрады, оның жартысы экономикалық бел­сенді жастағылар. Мәжіліс депутат­тарына берілген мәлімет бойынша, оның 410-ы – балалар, зейнеткерлер – 158.
26 азамат мүгедек екені белгілі болды. Ал жұмыссыздар саны – 21, өзін-өзі жұмыс­пен қамтығандар – 191 адам.
Селолық округ аумағында жауапкер­шілігі шектеулі серіктестік, ӘКК, 20 шаруа қожалығы мен 18 жеке кәсіпкерлік нысандар бар. Оның 6-ы дүкен.
Ауылдық округ орталықтандырылған сумен және газбен қамтылғанына қара­мастан, кездесуде ауызсу тап­шылығы айтылды. Тұрғындар кейде қыс мез­гілінде малға қар ерітіп беретіндіктерін де жет­кізді. Сұраққа аудан әкімінің орын­басары жауап беріп, мәселенің мәнісін түсіндірді. Ол жобалы-сме­талық құжаттаманы әзірлеуге қазір 9 мил­лион теңге бөлінгенін айтты. Жыл соңына дейін бюджеттік өтінім беріледі. Қаражат бөлінгеннен кейін өзекті мәселе шешіледі.
– Биыл «Аймақтарды дамыту» бағдарла­масы бойынша Родниковкадағы көшелер 1,4 млн теңгеге жарықтан­дырылады. Тендер өткізілді. Бір жарым ай ішінде жұмыс істеледі, – деді әкімнің орынбасары.
Жергілікті тұрғындар зейнетақының өсуіне, дәрі-дәрмектің қымбаттығына, сондай-ақ жалақының төмендігіне алаң­даушылық білдірді. Мәжіліс депутаттары осы ескертулер мен ұсыныстарды назарға алды. Кейбіріне бірден жауап берді.
– Осы жердің тумасымын. Біз түсін­діріп, қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылап жүрген Елбасының бес әлеумет­тік бастамасының арқасында кез келген қалаға, кез келген ауылға сеніммен баруға болады. Қазір ауыл тұрғындары егін жинау қамында. Біз адамдардың мәселесін тыңдадық. Олардың кейбір тұрмыстық мәселелері біртіндеп шешімін табуда, – деді Глеб Щегельский.

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*