Париждегі 65 миллион евро тұратын үй кімге тиесілі?

456
0
Бөлісу:

Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері Парижде құны 65 миллион евро болатын пәтердің иесі жайлы айтып берді.

«Біз Франциядағы әріптестерімізге сауал жолдадық, жауабы келді. Бірақ салық төлейтін адам бізге оған қатысты мәлімет беруге рұқсат бермеді. Сондықтан ештеңе айта алмаймыз. Ол – салық құпиясы. Пәтер заңды түрде алынған, салықтар төленген. Сондай-ақ ол бізге өзінің табысына қатысты мәліметті көрсетті. Ол ақшаның барлығы өзіне тиесілі. Ол үкіметтің адамы емес» деп хабарлады комитет төрағасының орынбасары Мәди Тәкиев. Шетелдік БАҚ өкілдері Парижде 65 миллион евро тұратын пәтерді Қазақстан үкіметінің өкілі сатып алғаны жайлы жарыса жазған еді. Алтынмен апталған пәтерде бес жатын бөлмесі, SPA-аймағы және арнайы басқосу бөлмесі бар. Пәтердің жалпы аумағы – 1 200 шаршы метр.

Ал Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мүліктің мемлекеттік ақшаға алынуы мүмкін емес мәлімдеген болатын.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*