Максим Споткай жаңа қызметке тағайындалды

480
0
Бөлісу:

«НҰР-Медиа» холдингі бас директорының орынбасары қызметіне Максим Споткай тағайындалды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Фейсбук парақшасында жазды.

«Ол еңбек жолын біздің партияның Ақсу қалалық филиалында бастады. Осыған дейін ол «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі болды. БАҚ саласы мен ақпараттық саясат бағытында тиісті тәжірибесі бар. Дәл осындай адамдар болашақта біздің партияның келбетін айқындайтынына сенімдімін. «Нұр Отан» партиясын жүйелі жаңғырту аясында ақпараттық саясатымыз саласында маңызды трансформациялар жүргізудеміз. Осы орайда, партиялық медиа-холдингтегі жаңа кадрлар оның жұмысын жоғары сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді деп үміттенемін» деді Мәулен Әшімбаев.

Биыл Ләззат Танысбай «НҰР-Медиа» холдингінің бас директоры болып тағайындалған болатын.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*