КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ БЫТЫРАҢҚЫЛЫҚТАН – ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА

1006
0
Бөлісу:

12 тамызда Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекеттің президенті Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау бойынша көпжылғы келіссөздерді қорытындылау үшін Ақтауда Бесінші каспийлік басқосуда кездеседі.

Мәселенің тарихы 1992 жылы бастал­ған, ол кезде Кеңестер Одағы тарқаған және оның орнына Каспий жағалауында төрт жаңа мемлекет – Әзірбайжан Республи­касы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркіменстан туын­дады. Сонымен, халықаралық құқық­тың екі субъектісі – КСРО мен Иранның орнына теңіз тиесілігі проблемасын бесеуі шешетін болды.
Осы шарттардың құқықтық жалғас­ты­ру­­­шысы тек Ресей ғана атанды, өйткені олар қалған жаңа тәуелсіз мемлекеттердің мүдделеріне жауап бере алмады. Сондықтан да Каспий теңізінің жаңа құқықтық мәртебесін бірлескен күшпен анықтау мақсатында келіссөз үдерісі басталды. Жағалау жанындағы елдердің барлық қызмет аяларында өзара тиімді талаптармен қарым-қатынастарын қамтамасыз ету мен реттеу оның басты міндеті.
1994 жылы сарапшылар мен Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министр­лері орынбасарларының мәжілісі өтті, онда су түзімін зерделеу және Каспий теңізінің жағалау аймағын қорғау саласын­дағы ынтымақтастық туралы келісім жоба­лары талқыланды. Сонда Қазақстан мен Әзірбайжан Каспий теңізінің жаңа құқық­тық мәртебесі туралы мәселені бірін­ші кезекте шешу қажеттігі туралы, сондай-ақ Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жайлы Конвенцияны қараумен байланыс­ты­ра отырып осы жобалармен жұмыс істеу жайында сөз етілді.
Келесі 1995 жылы Алматыда Каспий маңы мемлекеттері Сыртқы істер министр­ле­рінің орынбасарлары Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау жөніндегі тұрақты істейтін келіссөз тетігі Сыртқы істер министрлігіндегі құқықтық қызметтер басшыларының деңгейінде құрылды.
Құқықтық қызметтер, Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, министр­лері деңгейіндегі бірнеше келіссөз раундтарынан соң 1996 жылдың аяғына таман мемлекеттер уәкілетті өкілдерінің келіссөздердегі деңгейін көтеру орындылы­ғын түсіну қалыптасты және СІМ басшы­ла­ры Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жайлы Конвенцияны әзірлеу және соған байланысты басқа да құжаттарға қол қою үшін тұрақты істейтін арнайы жұмыс тобын құрды.

Осы уақытқа тараптар мемлекеттердің теңіздегі кейбір қызмет қағидаттарын келіс­­кен болатын және болашақ құқықтық мәртебенің негізгі элементтері айқын­дал­ды: теңіз кеңістіктерін делимитациялау, кеме қатынасы, биоресурстарды, минерал­дық ресурстарды пайдалану, экология. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі бірыңғай құжатқа бекітілуі тиістілігі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, соның негі­зін­де ары қарай Каспийде әралуан қызмет түрлерін реттейтін келісімдер жасалатын болады.

Басында мемлекеттердің айқындама­ла­рында Каспийдің құқықтық мәртебесі бойынша теңіз кеңістіктерін делимитация­лау, минералды ресурстарды пайдалану, демилитаризация мен қауіпсіздікке байланысты мәселелер бойынша қағидалы алшақтықтар болды. Кейбір келіссөздерге қатысу­шылардың пікірі бойынша ғалам­дық мұхитқа табиғи қосылмаған Каспий теңізіне халықаралық теңіз құқығы норма­лары қолданыла алмауына байланыс­ты күрделі мәселелер туындады.
Жұмыс тобының басым бөлігі теңізді мемлекеттер арасында егемен аумақтарға бөлуді ұсынды, басқалары Каспийде кондоминиум түзімін орнатуды қажет деп санады. Яғни, Каспий теңізі барлық табиғи ресурстар түрлері жалпы пайдалантын теңіз болуы тиіс еді. Әрбір мемлекетке 10 мильдік жағалау маңды жолақ берілді, соның шегінде ол теңіз түбі мен минералды ресурстарды пайдалану құқығына ие болар еді. Екінші біреулердің пікірі бойынша мем­­лекеттік шекараларды орнату туралы сөз болмауы тиіс, ал мемлекеттердің еге­мен­­дігі құрлықтағы аумақтармен шектеледі.
Тараптардың балық аулау, кеме қаты­на­сы, теңіз ортасын қорғау мәсе­ле­ле­ріне ұстанымдарының салыстырмалы түрдегі жақындығы байқалды.
Біздің көзқарасымызша 1997 жылғы мамырдағы кездесуде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жайлы бірлескен Конвенция жобасының мәтінін бұрын ұсынылған төрт жобалардың – әзірбайжандық – 1993 жылғы, қазақстан­дық – 1994 жылғы, ресейлік – 1995 жылғы және ирандық – 1996 жылғы жобалар негізінде барлық тараптардың әзірлеуі мен келісуі туралы келісімге қол жеткізілуін салмақты алға жылжу деп санауға болады. Мұндай шешім ортақ түйісу нүктелерін іздеуге ұмтылыс арқылы қабылданды. Олар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі проблемасын шешуде табандылық танытты.
Қазақстанның келіссөздік айқындама­сы туралы айта келе, Каспий теңізінің құқық­тық мәртебесі жайлы Конвенция жобасы­мен жұмыс кезінде БҰҰ-ның 1982 жылғы теңіз құқығы жөніндегі Конвен­ция­сы­ның жекелеген қолданылатын ереже­ле­рін Каспийдің ерекшеліктеріне бейімдей отырып пайдалану көзделді.
Түбі және тұңғиық ресурстарын каспий­­лік мемлекеттер арасында делими­та­­циялау ұсынылды, олар минералдық ресурс­тарды қазып алу, өз телімдерінде құбыр­лар мен кабельдерді төсеудің айрық­ша құқықтарына ие болар еді. Осындай айрықша экономикалық аймақтардың сыртқы шекаралары қарсы жатқан мемле­кет­тердің жағалауларынан теңдей созылған орташа сызық бойынша өтер еді, бұл әлем­дік іс-тәжірибеде және жүйедегі халық­ара­лық әдістемеге сәйкес қабылдан­ған. Екі және одан аса каспийлік мемлекеттердің экономикалық аймақтары шектерінде орналасқан кен орындарын игеру тиісті тараптар арасындағы өнімді бөлу туралы келісімдер тақырыбы болуы тиіс.
Қазақстандық айқындама тұрғысынан акватория аумақтық сулар мен келісілген ендегі ұлттық балық аулау аймақтарына бөлінуге жатты. Теңіздің қалған бөлігі кеме­­­лердің жағалау жанындағы мемлекет­тер­дің жалауларымен кемелердің еркін теңізде жүзулері үшін ашылар еді. Био­ресурс­тарды пайдалану келісілген квоталар негізінде және аулауды лицензиялау жолы­мен тиісті балық аулау аймақтарында және ортақ су кеңістігінде жүзеге асыру жорамал­данды. Теңіз үстіндегі әуе кеңістігі келісіл­ген бағыттар бойынша ұшу үшін ашық қалдырылды.
Ішкіқұрылықтық мемлекеттерге басқа теңіздер мен ғаламдық мұхитқа транзит еркіндігінің құқығы қамтамасыз етілер еді.
Кейінірек, 1997 жылғы қазанда Қазақ­стан Республикасының осы айқындамасы Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми құжаты ретінде таратылған болатын. Келіссөз үдерісі бойында, барлық деңгейлер мен кез кел­ген пішімдерде Каспий теңізінің құқық­­тық мәртебесі жайлы мәселеде Қазақ­стан халықаралық қағидаттарға, норма­­лар мен іс-тәжірибеге сәйкес келетін өз қағи­­далы көзқарасын дәйекті түрде ұстанды.
Мәселені барлық күрделі жақтарына, келіссөздерге қатысушылардың ұлттық мүдделерінің салмақты айырмашылығына қарамастан, жағалау жанындағы мемлекет­тер теңіздегі барлық қызмет қырларын кешен­ді реттеу қажеттігін біртіндеп ойлас­ты­руға келді. Қайсыбір конвенциялық ереже бойынша консенсуске қол жеткізе бере тараптар бір немесе өзге саладағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген халықаралық шартты қатарлас даярлауға кірісті. Яғни, жұмыс сырттан қарағанда мүмкін болатын­дай бір орнында тұрған жоқ.
Кең өзара тиімді ынтымақтастық үшін сенімді құқықтық іргетасты дер кезінде құру қажеттігін түсіну айтарлықтай нәтиже әкелді. Қазір Қазақстан Каспийге қатысты мәселелер бойынша 18 шарттың қатысу­шы­сы, оның ішінде 9-ы – бесжақты. Жақын арада тағы да сегізін «бестік» пішімінде жасау жоспар­лануда. Басқа да қажетті құжаттарды келісу жал­ға­су­да. Соныменен, Каспий теңізінің құқық­тық мәртебесі жайлы Конвенцияға қол қойылып күшіне енген соң біз әралуан сала­ларда бірлескен қызметті жүзеге асыру­ға мүмкіндік беретін кеңейтілген құқық­тық базаға ие боламыз.
Ерекше мәнді қолданыстағы құжаттар­дың арасында Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі 2003 жылы қабыл­данған Тегерандық Шектелмелі конвенция деп аталғанын еске түсіруге болады. Соған қосымша ретінде биология­лық әралуандықты сақтау, өңірлік әзірлік, мұнаймен ластануды туындататын қақты­ғыс­тар кезіндегі жауап қату мен ынты­мақ­тас­тық туралы, Каспий теңізін жер бетіндегі көздерден ластанудан қорғау жөніндегі және құрғақта қызметті жүзеге асыру нәтижесіндегі хаттамалар бар. Келешекте тағы да бірнеше хаттамаларға қол қою жоспарлануда.
Бакуде өткен Үшінші Каспий саммиті барысында 2007 жылы қол қойылған Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісім де осы қатарда тұр. Оны дамыту үшін, заңсыз қызмет түрлеріне қарсы іс-қимыл сала­сын­да мемлекеттердің өзара әрекет ету келі­сім­дері әзірленген.
Астраханда өткен Төртінші Каспий саммитінің нәтижелері бойынша 2010 жылы біз тағы қажетті келісімдерге қол жеткіздік. Бұл – Каспийдің су биологиялық ресурстарын сақтау, оңтайлы пайдалану, теңізде болатын төтенше жағдайларды ескерту және жою саласындағы және гидро­метеорология аясындағы ынтымақ­тас­тық туралы келісімдер.
Каспий теңізінің байлығы мен түбін анықтау тақырыбын қозғай отырып, осы уақытта Каспийдің солтүстік және орталық бөліктерінің түбі мен қойнауы межелеп бөлінгенін айта кеткен жөн. Қазақстан 1998 жылы тиісті келісімді Ресеймен, ал 2002 жылы оған тиісті хаттама жасаған болатын.
Қазақстан мен Әзірбайжан арасында теңіздің түбін шектеу 2001 жылғы келісімде және оған қоса берілген 2003 жылғы хатта­ма­да тіркелген. Сондай-ақ 2003 жылы қол қойылған Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін межелеп бөлу сызықтарының түйісу нүктесі туралы Қазақстан –
Ресей – Әзірбайжан келісімі де қолда бар.
Қазақстан мен Түркіменстанның теңіз түбін межелеу туралы келісімі 2014 жылғы бекітілген.
Теңіз түбінің учаскелерін межелеп бөлу сызықтарының түйісу нүктесінің ауданын Әзірбайжанмен және Түркіменстанмен үшжақты форматта анықтап алған соң, біз Каспий теңізі қойнауын пайдалануға еге­мен­ділік құқықтың шекарасын заңды рәсім­­деуді біздің мемлекет аяқтады деп белгілейміз.
Сондай-ақ Әзірбайжан және Ресейде де тиісті келісім бар.
Каспийдің оңтүстік түбін межелеп бөлу туралы келіссөздер мүдделі тұлғалармен жалғастырылып жатыр.
Келіссөздер жүргізуде орын алған объективті күрделіліктердің мән-жәйіне, сондай-ақ жұмсалған дипломатиялық күшке үңілмей-ақ, тұтастай алғанда талқы­лау аясында Каспий мемлекеттерінің ымы­раға келу және өзара тиімді шешімді іздеуге талпыныстары байқалды, соның нәтижесінде соңында барлық түйінді деген мәселелер бойынша бәтуаластыққа қол жеткізу мүмкін болды.
Біз жағалаудағы мемлекеттердің еге­мен­ді және ерекше құқықтары, егемен­ді­лік шегі қатынасында жалғастыратын темір­құбыр­ларды өткізу сұрақтары бойынша Каспий теңізінен әлем мұхитына барлық көлік құралдарымен еркін шығуға және кері қайтуға, теңізде жүзу режимімен, шоғырландырылған тәсілге иеміз. Каспий­де тараптарды қаруландырудың тұрақты теңгерімін қамтамасыз ету қағидалары, келісілген сенім шараларын сақтау, сондай-ақ тараптарға тиесілі емес қарулы күштердің теңізде болмауы туралы қағидалар келісілді.
Қазақстанда өткізілетін Бесінші Кас­пий саммиттінің күн тәртібі іс жүзінде қалып­тасты. Алдағы жоғары деңгейдегі келіс­сөздердің сипаты мен тақырып­та­ма­сын ескере отырып, Президенттердің бұл кездесуі тарихи тұрғыдан сипатталады деп үлкен үміт артамыз. Мемлекет басшылары­ның келісімдері жағалаудағы елдер мүмкін­дік­те­рінің өрлеуіне жол ашатынына және олар­дың ынтымақтастықтарына жаңа сер­­пін беретініне сенімдіміз. Қазақстанда, Ресейде, Әзірбайжанда, Иранда және Түр­кі­­менстанда өз халқының қолайлы бейбіт өмірін және өңірдің тұрақты дамуын қамта­масыз ете алатындай жеткілікті мүмкін­діктері бар.

Зүлфия АМАНЖОЛОВА,
Сыртқы істер министрлігінің
Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі

Бөлісу:

Пікір жазу


*