Шетелдік жеңімпаз журналистер марапатталады

326
0
Бөлісу:

2018 жылғы 6 тамызда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» 5- байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Марапаттау рәсімі Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың, Қазақстан Бас редакторлар клубының Президенті Ерлан Бекхожиннің және байқау серіктестері мен жеңімпаз-журналистер елдерінің Астанадағы дипломатиялық өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Жыл сайын байқауға өз жұмыстарында қазақстандық болмыстың түрлі аспектілері туралы шығармашыл, анық және объективті баяндаған шетелдік БАҚ өкілдері қатысады. Байқауды ұйымдастырған өткен жылдар ішінде шетелдік БАҚ-тардың Қазақстанға, оның мәдениетіне, экономикасы мен халқының өміріне деген қызығушылығының артып келе жатқанына көз жетті және осындай қызығулышықты одан әрі жандандыруда байқау тиімді құрал екендігін көрсетті.

–       Оңтүстік және Солтүстік Америка,

–       Еуропа,

–       ТМД және Балтық елдері,

–       Таяу Шығыс және Африка,

–       Азия, Австралия және Океания елдері болып жіктелген өңірлерден келіп түскен 80 астам жұмыстардың арасынан таңдалған бес жеңімпаз бас жүлде – Қазақстанға келуге жолдама жеңіп алды және үстіміздегі жылғы тамыз айында Астана, Алматы қалалары мен Бурабай демалыс аймағында болады.
Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*