Президентке қастандық жасалды (видео)

2002
0
Бөлісу:

Венесуэла Президенті Николас Мадуро Каракаста халық алдында сөз сөйлеп тұрған сәтте оған қастандық жасалды. Бірақ өзі оқыстан атылған оқтан аман қалды, алайда жеті әскери қызметкер жарақат алды.

Оқыс оқиғадан Президент Николас Мадуроны жанындағы оққағарлары қорғап үлгерді, сөйтіп, жиыннан алып кетті. Reuters ақпарат агенттігінің таратқан ақпаратына қарағанда, Ұлттық гвардия қызметкерлерінің алдында пилотсыз басқарылатын бірнеше ұшу аппараты жарылған. Бірер сағаттан кейін Венесуэла Президенті Мадуро мәлімдеме жасап, оны Колумбия басшысы Хуан Мануэл Сантос пен оның жетекшілігіндегі  оңшыл күштер өлтірмек болғанын жария етті.Сонымен қатар, бұл қастандықты ұйымдастырушылардың бірсыпырасы АҚШ-та тұратыны мәлім болды. тіпті Венесуэланың бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары «бұл қастандыққа тікелей АҚШ Президенті Дональд Трамптың қатысы бар» деп мәлімдеді. Алайда, бұл қастандықты қазірдің өзінде Колумбия мен Венесуэланың бірқатар қарулы әскери тобы өз жауапкершілігіне алды. Алайда Колумбия билігі өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. Венесуэла полициясы қазірдің өзінде бірқатар күдіктілерді қолға түсірді.

Associated Press ақпарат агенттігі «Мадуро сөз сөйлеп, тұрған сәтте бірнеше жүздеген метр жерде газ балоны жарылды» деген ақпарат таратты. Алайда бұл деректің анық-қанығы белгісіз.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*