«Өлкетану» пәні оқытылады

658
8
Бөлісу:

2018-2019 оқу жылында мектепте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өлкетану» пәні оқытылады. «Өлкетануды» оқытудағы басты мақсат – жастарға туған өлке тарихы, әдебиеті, табиғи қазба байлықтар мен рухани қазыналар туралы білім беру. Жас ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншілік пен жалпыұлттық патриотизмді қалыптастыру. «Өлкетану» оқулықтарын басып шығаратын баспаларды облыс әкімдіктері мен білім басқармалары таңдаған.

«Атамұра» корпорациясының вице-президенті Гүлбаршын Жарыл­қасымованың айтуынша, жаңа оқу жылында 5-7-сыныптарда оқытылады. Қазақстан тари­хы, қазақ әдебиеті, география, му­зыка пәндерімен бірлесіп оқы­тылады. «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында әр облысқа арналған «Өлкетану» оқулықтары дайындалды. «Атамұра» баспасы Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының «Өлкетану» оқулықтарын әзірледі. Міне, соған сәйкес, аталған екі облыс әкімшілігі «Атамұра» баспасын өздері таңдап, оқулықтарын басып шығару жөнінде ұсыныс білдірді» деді «Ата­мұра» баспасының вице-президенті.
«Өлкетану» оқулығы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдар­ламаға сәйкес құрастырылған. Оқу­лықтарға қажетті материалдарды жинақтап, даярлау жұмыстарымен облыс әкімшіліктері және сол аймақтардағы білім басқармаларының ұйғарымымен бекітілген тарихшы, өлкетанушы ғалымдар, әдістемеші және педагог мамандар тобы айна­лысты. Оқулықтардың мазмұны мен безендірілуі тұрғысынан сапалы болуын Білім және ғылым минис­трі­нің бұйрығымен құрылған арнайы жұмыс тобы және «Оқулық» респуб­ликалық ғылыми-практикалық орталығының мамандары қадаға­лайды.

«Атамұра» баспасының жетекші редакторы Мұрат Мұқашев «Өлке­тану» оқулығының мазмұны жайлы айтып берді. «Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында білім саласына бірқатар міндеттер қойды. Өскелең ұрпақтың өмір талабына бейімделуіне айрықша көңіл бөлу бағытында республика деңгейінде жүйелі жұ­мыстар істелуде. «Өлкетану» – жалпы орта білім берудің құрамдас бөлігі. Мектептегі білім беру, тәр­биелеу жұмыстарымен үйлестіріле оқыты­лады. Яғни, сабақ барысында оқу­шылар өздері тұратын аймақтың қалыптасуы, табиғи-географиялық ерекшеліктерін және туған өлкенің жалпы тарихы мен әдебиетінен, өнер саласынан мол мағлұматтар алады. Соған байланысты оқулықта қазақ­стан тарихы, қазақ әдебиеті, геогра­фия және музыка пәндері бойынша материалдар жинақталып берілген. «Өлкетанудың» өзге оқулықтардан ерекшелігі – мұнда белгілі бір өлке жайлы, оның тарихы, әдебиеті, гео­гра­фиясы, табиғаты және мәдениеті жайлы жан-жақты айтылады. Ең бастысы, бұл оқулық жастарға өмір сүріп жатқан өлкенің рухани әрі материалдық байлығы мен тарихын қалыптастырған адамдардың өнегелі өмірі мен үлгілі істері туралы мол мәлі­меттер береді. Ол сонысымен де өте қызықты әрі жастарды ұлтжан­дылық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу бағытында аса маңызды оқулық болады деген ойдамыз» деді.
«Өлкетану» оқулығын 7 аймақ бойынша даярлауға «Алматыкітап» баспасының да қосқан үлесі зор. Биыл «Алматыкітап» баспасы мен Қазақстан Ғылым академиясының академигі Карл Байпақовтың бас­шылығымен аймақтардағы және Астана, Алматы қалаларының білім беру басқармалары бірлесе отырып, «Өлкетану» оқулығын дайындады. Бұл жаңа кіріктірілген оқулық 5-7-сыныпта оқытылады. Оқу бағдар­ламасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен «Туған жер» жобасы негізінде жасалған.
Кітаптың тұсаукесерінде «Алматыкітап баспасы» ЖШС бас редакторының орынбасары Альмира Сужикова авторларға алғыс айтты. «Өлкетану» пәні бойынша Алматы, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Қара­ғанды облыстары мен Астана және Алматы қалаларының оқулық­тарын осы өлкенің оқушы­ларына ұсынады. «Алматыкітаптың» Қазақстанның салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихы бойынша кітап басып шығарудан үлкен тәжірибесі бар. «Менің Қазақстаным» топтамасы көпшілікке белгілі. Топтамада 60-тан астам Қазақ елінің тарихы, мәдениеті және этнографиясы туралы альбом-кітап бар. Ел тарихының жарқын беттері, оның мәдениеті, салт-дәстүрі мен тұрмысы, бірегей географиялық нысандары туралы мәліметтерді біздің көркем безендірілген альбом­дардан табуға болады. Біздің осы тәжірибеміз «Өлкетану» сияқты жаңа қызықты пәнді қалыптастыруға үлкен көмегін тигізді. Осы оқулықты бізбен бірге жазып шыққан ғалымдар, авторлар, сарапшыларға алғыс айтамын» деді Альмира Сужикова.

Майра ЖАНЫСБАЙ

Бөлісу:

8 пікір жазылған

  1. Сакен 26 Тамыз, 2018 at 13:31 Жауап

    Вообще мне нравится нововведения в системе образования. Краеведение думаю поможет увеличить любовь к родной земле у молодежи

  2. Айдар 26 Тамыз, 2018 at 13:31 Жауап

    Конечно не должно быть казхастанца который незнает свой родной край. Отличное начало

  3. Малик 26 Тамыз, 2018 at 13:31 Жауап

    Жастарға да осы бағытта жұмыстар жүргізу керек. Өз өлкесін білмейтін қазақстандық болмау керек

  4. Самат 26 Тамыз, 2018 at 13:32 Жауап

    Мектеп оқушыларға бұл қаншалықты қажет. Одан бұрын арнайы жұмыстар жүргізіліп, шешім қабылданған

  5. Ахмет 26 Тамыз, 2018 at 13:32 Жауап

    Расыменде жақсы болған екен. Өзін өзі тану оқулықтарыда қайтадан енсе жақсы болар еді деп ойлаймын.

  6. Тимур 26 Тамыз, 2018 at 13:33 Жауап

    Думаю для школьников это будет полезным уроком. Знать свой край, ее особенности важно.

  7. Мурат 26 Тамыз, 2018 at 13:34 Жауап

    Радует что данный предмет снова вернули ученикам. Насколько я помню у нас было что то подобное

  8. Абылай 26 Тамыз, 2018 at 13:35 Жауап

    Кәзіргі оқушылар үшін қуаныштымын. Өз өлкенді білу маңызды мәселе болып келеді.

Пікір жазу


*