Каримова: Планшетпен сабақ оқуға ата-аналар келісе бермейді

455
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері «Балаларға мектепке оқу материалы жүктелген планшеттерді алып келуге бола ма, жоқ па?» деген сауалға жауап берді. Ескерер жайт, жаңа оқу жылында қазан айынан бастап 3, 6, 8-сынып оқушыларына арналған кітаптар электрондық нұсқада болады.

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталықтың директоры Бейбіткүл Каримова бұл шешімді мектеп басшылығы қабылдайтынын жеткізді.

«Мұны мектеп әкімшілігі шешеді. Біз біреуге бірдеңені істеуге мәжбүрлеп немесе оған тыйым сала алмаймыз. Сіздер электрондық нұсқа бойынша білім алудың баланың денсаулығына пайдалы бола бермейтінін білесіздер. Кез келген ата-ана баласының планшетпен сабақ оқуына келісе бермейді. Сондай-ақ, барлық балада планшет алу мүмкіндігі жоқ. Мұнда қалалық және ауылдық мектептерді ескерейік. Сондықтан бұл әр адамның қалауымен болады. Бала планшет қаласа, алсын» деді Бейбіткүл Каримова.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*