Майк Тайсонды жеңіп кеткен әйгілі боксшы оққағарға айналды (видео)

902
0
Бөлісу:

45 жасына дейін былғары қолғабын шешпеген британиялық аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Дэнни Уильямс (52-26, 39 КО) кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдепті. Ол соңғы кездесуін биыл 29 шілдеде өз отандасы Ли Макаллистерге қарсы өткізіп, жеңіліс тапқан еді. Ли Макаллистер осы кездесуге шығу үшін ол 30 келі салмақ та қосқан. Алайда жергілікті British & Irish Boxing Authority (BIBA) ұйымы жекпе-жекке санкция жариялады.

РЕСМИ: АРМАН ОСПАНОВ ПЕН РАСУЛ МИРЗАЕВ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ШЫҒАТЫН БОЛДЫ

Енді Дэнни әрі қарай өмір жолын оққағар ретінде жалғастырмақшы. Ол үшін Нигерияға сапар шегеді екен. «Егер мен спорттық формамда болсам, екінші раундта-ақ сұлатып түсіруші едім. Бірақ мен қартайдым. Жас жігіт жақсы бокстасты. Сәтті комбинациялар ұйымдастырып, шабуылдай білді. Макаллистер бұл кездесуді жақсы өткізіп шықты. Енді мен Нигерияға барып оққағар болып жұмыс істеймін. Бұл аса тәуекелге толы жұмыс. Өзіңмен бірге үнемі қару тағынып жүресің. Осылайша, мен бокспен түбегейлі қоштастым» дейді.

САУЛЬ АЛЬВАРЕС ГОЛОВКИНДІ ҚАЛАЙ ЖЕҢЕТІНІН АЙТЫП БЕРДІ

Уильямс әуесқойлар арасында 1993 жылы Еуропа чемпионатында қола медаль алған. Одан кейін 1995 жылы кәсіпқой боксқа ауысып кетті.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАПКЕР ӨРТКЕ ОРАНҒАН АВТОБУСТАҒЫ 48 ЖОЛАУШЫНЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Боксшы өзінің ең атақты жекпе-жегін 2004 жылы 1 шілдеде өткізді. Сол жолы Уильямс әлемнің экс-чемпионы Майк Тайсонды жеңіп кеткен еді. 17 айлық үзілістен кейін рингке шыққан аңызға айналған америкалық Тайсон сол кездесуден соң мансабын тәмамдаған. Бұл сенсациялық жекпе-жектен кейін Уильямс украиналық Виталий Кличкомен кездесті. Бірақ Кличко 8 раундта Уильямсты нокаутқа түсіріп, WBC чемпионы атағын қорғап қалған.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*