Тарихи оқиға: Адам баласы Күнді зерттеуді бастады

154
0
Бөлісу:

NASA Күнді зерттеуді осы жексенбіде бастамақшы. NASA Parker Solar Probe ғарыш құрылғысы ең жақын қашықтықтан Күнді зерттейді. Бұл туралы CNN хабарлап отыр.

Құрылғы сенбі күні Шолпан планетасымен түйісетіндей болып есептелген. Ал алты аптадан соң алғаш рет Шолпан гравитациясымен кездеспек. Планета құрылғыны баяулатып, Күнге қарай бағыт алуына көмектеспек.

«Құрылғының Күнге дейін жетуі үшін 55 есе артық энергия керек. Жаз айларында Жер және басқа да планеталар мейлінше қолайлы жағдайда болады. Бұл біздің Күнге жақындауымызға көмектеседі» делінген Джон Хопкинс атындағы қолданбалы физика лабороториясының қызметкері Яньпин Гоның мәлімдемесінде. Осы Го миссияның траекториясын есептеп шығарған. Құрылғы 2024 жылы Күннің деңгейінен 3,8 миллион миль қашықтықта орбитада тұрмақ. Мұндай қашықтықта адам өмір сүре алмайды, ал құрылғы толықтай автоматтандырылған. Ол Күн маңайында 430 мың миль жылдамдықпен қозғалмақшы. Бұл жасанды нысанға тән рекордтық көрсеткіш. Жер бетінде мұндай жылдамдықпен Филадельфиядан Вашингтонға дейін бір секундта жетуге болады екен. Құрылғы жасайтын бақылау мен беретін мәліметтер жұлдыздар әлемі туралы тың ақпараттарды көбейте түседі. Осы зерттеу арқылы Күннің қазірге дейін беймәлім болып келген құпияларын да естуіміз әбден мүмкін. NASA мәлімдеуінше, бұл жағдай жер бетіндегі электр желісіне, әуе рейстеріне әсерін тигізуі ықтимал екен.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*