Аршавин Қазақстанда қалғысы келмейді

389
0
Бөлісу:

Алматылық «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы ресейлік легионер Андрей Аршавин кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін керемет жайлы өміріне қарамастан Қазақстанда қалғысы келмейтінін айтты.

«Қазақстан мені өте жылы қарсы алды. Сондықтан бұл жер өмір сүруге өте ыңғайлы. Біздің ұжым да керемет ұйымшыл – жігіттермен ешқандай проблема жоқ. Бірінші күннен бастап өзімді мұнда жайлы сезіндім. Ал менің қаншалықты әсер ете алғанымды балалардан сұрап көру керек. Дегенмен осыншама жайлы өмірге қарамастан мансабымды аяқтаған соң Қазақстанда қалуды жоспарламаймын» депті футболшы.

«ҚАЙРАТ» СЫРТ АЛАҢДА ЧЕХИЯЛЫҚ КОМАНДАДАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ (ВИДЕО)

Еске сала кетсек, Аршавин Қазақстан чемпионатына 2016 жылы краснодарлық «Кубань» клубынан ауысып келген еді. Биылғы маусымда ол «Қайрат» сапында 21 матчқа қатысып, 8 гол соқты.

«Қайратпен» бірге Аршавин ел чемпионатының күміс жүлдесін иеленіп, журналистер нұсқасы бойынша Қазақстан чемпионатының үздік ойыншысы атанды. 2017 жылы ел кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

ӘЧ-2018 ҮЗДІК ФУТБОЛШЫСЫ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК КЛУБЫНАН КЕТУГЕ БЕЛ БАЙЛАДЫ

Роналду 2009 жылдан бері «Реал» сапында 438 ойында 451 гол соғып, клуб тарихындағы ең үздік бомбардир атанды. Және мадридтік командамен Чемпиондар лигасын төрт мәрте жеңіп алды.

Биыл жазда Аршавиннің Ресей ұлттық құрамасы сапына шақырылып, Әлем чемпионатында ойнау мүмкіндігі туралы жиі айтылды. Бірақ футболшы әр сұхбаты сайын ол ақпаратты, сыбысты жоққа шығарумен болды. «Егер мен құрамада әлі ойнап жүрсем, онда ол – өте әлсіз құрама болар еді. Уақыт өткен сайын жас футболшылар пайда болады» деген еді ол.

«АСТАНА» ӨЗ АЛАҢЫНДА ЗАГРЕБТІК «ДИНАМОДАН» ЖЕҢІЛДІ (ВИДЕО)

Бұл жолы Әлем чемпионатында Аршавинмен бірге ойнаған футболшылардан Игорь Акинфеев, Юрий Жирков және Сергей Игнашевичтер ғана мундиальға қатысты. Жалпы, Аршавин Ресей құрамасы сапында 74 ойынға қатысып, 17 гол соққан.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*