Каспий: теңіз бе, көл ме?

530
0
Бөлісу:

Бүгін бес мемлекет президенттері бас қосқан Каспий саммиті басталды. КСРО ыдыраған соң, Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекет: ӘзірбайжанИранҚазақстанРесейТүркіменстан теңізі мәртебесін айқындауға белсенді кірісті. 2002 жылы 23-24 сәуірде Ашхабадта Каспий жағалауы мемлекеттерінің алғашқы саммиті өтті. Бірақ Ашхабад саммитінде бірде-бір мемлекетаралық  құжатқа қол қойылмады. Бес мемлекеттің  басшылары «Каспийді жағалай орналасқан бес мемлекет те көздің қарашындай сақтауы тиіс» деп тарқасқан. Теңіздің проблемасы егжей-тегжейлі талқыланған.

Каспийде әркімніңақ бар таласы…

Тарихына көз жүгірсек, VI ғасырдың орта шенінде Каспий өңіріне Батыс түрік қағанаты иелік еткен. Орта ғасырларда теңіз маңайында халықаралық сауда-дипломатиялық қатынастар торабы болған. Ортағасырлық тарихында хазарлар, қыпшақтар үлкен рөл атқарды.  Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейін теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігі Алтын Орда иелігіне өтеді. Алтын Орда ыдырап, оның орнында пайда болған Қырым хандығыНоғай ордасыАстрахань (Қажы-Тархан) хандықтарын жаулап алған Ресей империясы Каспий өңірін де иемдене бастады. Ресей мен Парсы елдері арасындағы алғашқы келісім – Решт келісімі болды. Ондағы келісімде Каспий теңізіне және Кура мен Аракс өзендерінде Ресей еркін сауда және кеме қатынасын қолдануына мүмкіндік алды. Кейін теңіз айдыны демаркацияланып, біраз бөлігі Ресейге қарады. 1813 жылы Гүлстан келісімінде, одан кейін Түрікменшай келісімінде (1828) Ресейге Каспий теңізінде толық әскери флот құруына рұқсат берілді. Парсылар тек сауда және кеме қатынасымен шектелді. Кеңес Одағы Каспий теңізіндегі монополиялық құқықтан бас тартып, 19211935 және 1940 жылдардағы Кеңес – Иран келісімінде Каспий теңізінде кеме қатынасын жүзеге асыруға екі ел теңқұқықты деп саналды. КСРО тараған соң, тәуелсіз елдер теңізді тең әрі тиімді пайдалану үшін талай басқосулар өткізіп, өзара келісімдер жасап келеді.

Каспий біреуге теңіз, біреуге көл…

Анығы Каспий бес мемлекетпен шектеседі. Қазақстан, Ресей, ӘзірбайжанТүркіменстан,  Иран елдеріне ортақ. Бес өзен: Самур,  ЕділЖайықТерекҚұр құяды. Каспий түбектері: Ағрахан, Абшерон, Бозащы, Маңғыстау, Түпқараған.  Жағалауының жалпы ұзындығы — 7000 шақырым, тереңдігі — 1025 метр, су жинау ауданы — 3 626 000 шаршы шақырым. Каспий теңізі — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан Жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында теңіз жағасында қоныстанған каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге, Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары. Каспий теңізі Неоген дәуірінің соңында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы — 376 мың шаршы шақырым. Оның беті теңіз деңгейінен 28 метр төменде жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 шақырымға созыла орналасқан. Теңіздің енді аумағы — 435 шақырым, енсіз жері — 193 шақырым. Каспий теңізінің жағалауының ұзындығы — 7000 шақырым. Жағалаудағы Қазақстанның үлесіне — 29% (2340 шақырым), Ресейге — 9%, Әзірбайжанға — 20%, Түркіменстанға — 21%, Иран Ислам Республикасына 14% тиесілі.

Жазы ыстық, қысы аяз

Каспий екі климаттық белдеуле орналасқан. Солтүстігі қоңыржай континентті, оңтүстік батысы — құрғақ субтропиктер, шығысы Орта Азия шұғыл континентті климаттар арасында жатыр. Жазда Каспий теңізінің беті қатты қызады. Температура барлық бөлігінде де бірдей: шілдеде орташа температура 240оС — 260оС. Қыста қатты аяз болады. Қаңтар айының орташа температурасы  — 7-11оС. Орта бөлігінде — 10о-50оС, ал оңтүстікте — 8о-10оС. Қаңтардың ең төменгі температура — 38оС-қа жетеді. Теңіздің шығыс жағалауының қысы барлық ендікте де батыс жағалауға қарағанда суықтау келеді. Қыс айларында Каспий теңізінің тек  солтүстік таяз бөлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы 2 метрге дейін жетелі. Судың жоғарғы қабаттарының қысқы температура солтүстігінде -1о-тан 0о-қа дейін, оңтүстігінде 10о-11оС-қа дейін жоғарылайды. Тамыз айында температура айдынның бірқатар бөлігінде 240С, ал оңтүстікте 28оС-қа дейін көтеріледі.

Су деңгейі бірде жоғары, бірде төмен

Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады. Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5-1 метрге дейін ауытқып отырады. 1837-1990 жылдары жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980-90 жылдарға сәйкес келетіні анықталған. 1929-41 жылдары су деңгейі 2 метрге төмендесе, 1977 жылы 29,01 метрге жетті. 1978-95 жылдары су деңгейі 2,35 метрге қайта көтеріліп, 1995 жылы көрсеткіш 26,66 метр болды. Жағалауды теңіз суы қайта басты. Еділ сағасында — 4-5 шақырым, Жайық сағасында — 6-12 шақырым, Қаратон, Теңіз, Прорвада кен орындарының тұсында — 35-45 шақырым, Бозашы түбегінде — 4-10 шақырым жер су астында қалды. Теңіз суының қазіргі деңгейінің жоғарылауын климаттық жағдайға байланысты түсіндіреді. Каспий суының көтерілуі 45%-ы теңізге құятын өзендер, 16%-ы айдынға жауатын жауын-шашынның молаюы, 25%-ы теңіз үстінен булану мөлшерінің азаюы және 14%-ы Қарабұғазкөл Шығанағына құйылатын суды шектеуге байланысты.

5 миллион құстың «баспанасы»

Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та көп кездеседі. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекірешоқырқортпа) тұқымдастары жатады. Дүниежүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі. Бағалы балық — қортпа ұзындығы 6-7 метрге, салмағы 1800 келіге дейін жетеді. 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің ұзындығы 2,3 метр, салмағы 100 келіге дейін барады. Шоқырдың ұзындығы 2,2 метрге, салмағы 40-80 келіге дейін жетеді. Каспийде олардан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ, т.б. ауланады.

Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың 260 түрін кездестіруге болады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 миллион құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 миллиондай құс қыстап шығады.

Балығы тайдай тулаған

Қазіргі заманның балық шаруашылығы — балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр жөне пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты (РесейӘзірбайжанҚазақстан) Каспий теңізіне 75 миллион шабақ жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 миллион бекіре шабағын дайындайды. Солтүстік-шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Казақстанның және Ресейдің «Қызыл кітабына» енген өте сирек кездесетін калбағай, карабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б. бар. Каспий итбалығы — тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 жылы 1 миллионнан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360-450 мыңға дейін азайған итбалықтың — 27 мыңы, 1990 жылы — 13,8 мыңы, 1996 жылы 8 мыңы ауланған. 2000 жылы сәуіртамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы — Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорология және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі — Казақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі өседі. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солтүстік Каспийде, негізінен, қамыстеңіз шөбішалаң,  егеушөпарамотмүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет. Сондай-ақ су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераныңтопырақ жамылғысыныңсудың ластануы  үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде.

Еділсіз Каспийдің күні қараң

Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспийдің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген. Оған себеп, ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлар әсер етеді. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80%-ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жаткызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12%-ға, Жайықтан 24%-ға, Теректен 60 %-ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қарабұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі үш-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаң тарады. Әсіресе, теңіздің түбінен тұзөндірушілерге қиындық туындады. Тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабұғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабұғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978 жылдан бастап теңіз дейгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мекендер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Барлық ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екендігі дәлелденді.

«Астана» 10 миллион тонна жүк тасиды

Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған. Каспий теңізінің Ақтау порты заман талабына сай қайта жөнделіп, жабдықталды, теңіз айдағы кеңейтілді. Теңіз флоты құрылды. Басқа елдермен сауда қарым-қатынастар порт арқылы жүзеге асуда. Ұзындығы — 150 метр, биіктігі — 10 метр ең үлкен  «Астана»  атты су кемесінің жылына 2 миллион тонна құрғақ өнімдер мен 10 миллион  тонна мұнай және мұнай өнімдерін тасуға мүмкіншілік бар.

wikipedia.org

Бөлісу:

Пікір жазу


*