Қыздар қырғыздарды ұтып, жігіттер грузиндермен ойынға дайындалуда

103
0
Бөлісу:

Қазақстанда оқу-жаттығу жиыны аясында өткен ойында біздің қыздар қарсыластарынан 5:0 есебімен басым түсіп, айқын жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасынан Арайлым Орынбасарова хет-трик автор атанса, Әсел Көбесова дубль жасады.

Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу ойындарына дайындықты Талғарда өткізіп жатыр. Жиын 15 тамызға дейін созылады. Сонымен ойын нәтижесі мынадай:

Қазақстан U-19 — Қырғызстан U-19 – 5:0 (3:0)
Голдар: Орынбасарова 2, 10, 67, Көбесова 44, 53.
Ескерту: Аруова 54, Ақшалова 62 – Шарғұлова 54, Анарбаева 66.
Қазақстан U-19: Бурдакова (Бессонова 68), Н.Шалмұқанбетова (Ақшалова 46), А.Садықова (Аруова 51), Жақсымбай, Волкова (Нарбек), Низамутдинова, Орынбасарова, Ступина, Жәутікова (Қабылбаева 59), Көбесова, Багули (Иванюк 65).
Қырғызстан U-19: Абибулақызы (Толонова 46), Абдылдаева (Шаргулова 53), Конушбаева, Адыранова (Анарбаева 11), Ырысбекқызы, Токтоболотова, Асқарқызы (Нязова 68), Дюшобаева, Мұратбекова (Кенжелыева 83), Саскеева.

Ал Қазақстан футбол федерациясы УЕФА Ұлттар Лигасындағы Қазақстан мен Грузия арасындағы кездесудің билеттері онлайн түрінде сатылымға шықты. Ойын 6 қыркүйек күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Футбол жанкүйерлеріне ескерту, билеттің құны 500-3000 теңге аралығында екенін айта кеткен жөн.
Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*