БЕС ЕЛДІҢ БӘТУАЛАСТЫҒЫ

424
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев, Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Бесінші Каспий саммитінің пленарлық отырысына қатысты.

Негізгі баяндама жасаған Қазақстан Президенті бұған дейін өткен Каспий саммиттерінің рөліне ерек­ше тоқталып, олардың келіссөз үдерісіне қажет­ті саяси серпіліс әкелгенін және қайшы ұстанымдар бойынша келісімге қол жеткізілгенін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Каспий өңірі тарихының біре­гейлігін әрі мәдениетінің алуан түрлілігін, мұнда адам ресурстарының жеткілікті екенін және табиғи қор­дың молдығын, сонымен қатар теңіздің геог­ра­фия­лық тұрғыдан тиімді орналасуының арқасында зор геосаяси маңызға ие болып отырғанын атап өтті.
– Бүгінде Каспий маңы елдерінің әлеуеті зор жә­не қарқынды дамып келе жатыр. Біздің елдері­міз­дегі тұрғындардың жалпы саны – 240 миллион. Осы­ның бәрі Каспийге қатысты мәселелер кешенін бірлесіп шешу қажеттігін туғызды, – деді Мемлекет бас­шысы.
Қазақстан Президенті конвенцияның Каспий теңізінің суын, түбін, қазба байлықтарын, табиғи ре­сурс­тары мен әуе кеңістігін қоса алғанда, Кас­пийге қатысты тараптардың құқықтары мен мін­дет­терін реттейтін негізгі жан-жақты құжат болып са­налатынын айтты. Сонымен қатар Мемлекет бас­шы­сы Каспий маңы елдерінің қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету, төтенше жағ­дайлардың алдын алу және олар­ды болдырмау, әскери қызметтер мәселелеріне айрықша назар аударды.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*