ЕЛБАСЫ СЕНАТ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

583
0
Бөлісу:

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Парламенттің жоғары палатасының VI шақырылымы үшінші сессиясының негізгі қорытындылары мен алдағы сессияда қарастыратын заң жобалары жұмыстарының жоспары баяндалды.

– Алдағы сессияда экономика саласына қатысты ауқымды заң жобаларын және бірқатар халық­аралық құжаттарды қарастыру жос­парланған. Үкімет көптеген заң­намалық бастамалар әзірлеп жатыр. Бізге солармен жұмыс жасау қажет. Сонымен қатар бұған дейін қабыл­данған инфрақұрылымдық және индустриялық даму бағдарлама­ларын, Президенттің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыра береміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев өткен сессиясының қорытындысы бойын­ша Сенат депутаттары салық, ке­дендік реттеу, бюджеттік басқару және басқа да салаларға қатысты 84 заң қабылдағанын мәлімдеді.
Қазақстан Президенті Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі конвен­цияны ратификациялау мәселесін талқылау барысында Каспий маңы мемлекет­терінің Бесінші саммитінің нәтиже­леріне арнайы тоқталды.
– Бес мемлекеттің басшылары 20 жыл бойы талқылаған Каспий теңізінің конвенциясына қол қойды. Ақтау қаласы мен Маңғыстау об­лы­сын одан әрі дамытуға, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашып, қызмет көр­сету және туризм салаларын ілгерілетуге септігін тигізетін бұл ше­шім­нің зор маңызын бүкіл халық­ара­лық сарапшылар атап көрсетуде, – деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Пікір жазу


*