Жыл он екі ай көрмесі өтті (фоторепортаж)

1045
0
Бөлісу:

Астанадағы Ұлттық музейде Мәскеудегі Тайбэйско-Мәскеу экономикалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі комиссия өкілдігінің қолдауымен «Шығыс күнтізбесі» атты Тайвань суретшілерінің графикалық жұмыстарының  көрмесі өтті.

Тайвань суретшілерінің графикалық жұмыстары бұған дейін Ресей мұражайларында көрмеге ұсынылған. Бұл көрмеге 12 символдан тұратын Тайвань суретшілерінің 83  графикалық  жұмыстары   ұсынылып отыр.

Тайвань Ұлттық бейнелеу өнері мұражайында жыл сайын жыл басы бейнеленген суреттер арасында байқау ұйымдастырылады. Шығыс күнтізбесінде 12 таңба бар: егеуқұйрық, бұқа, жолбарыс, қоян, айдаһар, жылан, жылқы, ешкі, маймыл, тауық, ит, шошқа. 12 жылдық альтернативті жануарлар белгілері мен 5 түрлі түсті элемент (Жер, Металл, Су, Ағаш, Өрт) алпыс жылдық циклды құрайды.

Соңғы цикл 1960 жылғы 28 қаңтарда басталған. Байқау 30 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған байқауға ксилография, литография, шелкография графикаларын басып шығару үшін баспа графикасының әртүрлі әдістемелері бойынша жұмыс істейтін шеберлер шақырылады.

Жұмыс заманауи цифрлық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Байқауға қатысушылардың жасы бойынша ешқандай шектеулер қойылмайды. Бұл шара Жаңа жыл қарсаңында күнтізбеге сай өткізіліп, жұмыстар Ұлттық музейде ұйымдастырылған көрмеде көрсетіледі. Соңғы 33-конкурс 2018 жылы Ит жылына арналды.

Ит жылы Шығыс күнтізбесінде ең қолайлы жыл болып саналады. Ал 2019 жылы 60-жылдық цикл Шошқа белгісімен қорытындыланады. «Шығыс күнтізбесі» көрмесі аяқталатын кезде бірнеше Тайвань шығармашылық туындыларын Ұлттық музейдің қорына табысталмақ.

«Айқын» ақпарат

Советбек Мағзұмов (фото)

Бөлісу:

Пікір жазу


*