Рухани жаңарған Қаратөбе

932
0
Бөлісу:

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы, Сәуле ауылында, белгілі өлкетанушы, Қазақстан Республикасының құрметті журналисі, ақын Қайыржан Хасановтың Қаратөбе ауданының 90-жылдық мерейтойына арнап жазған «Рухани жаңарған Қаратөбе» атты кітабының тұсаукесер салтанаты өтті.

Жиынға аудан әкімнің орынбасары Сұлтан Жасұлан Кәрелұлы бастаған игі жақсылар, ақынның жары Рысты Кәкімқызы, балалары мен немерелері және ауыл тұрғындары қатысты.

Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп жатқан Жақсыбай негізгі орта мектебіне оқушылардың сергіп, тынығуына арналған бес нысаннан тұратын балалар ойнайтын алаңша тарту етілді.

Шара барысында «Мектепке жол» бағдарламасы аясында Жақсыбай негізгі орта мектебінің табалдырығын аттаған бірінші сынып оқушыларына 20 түрлі кеңсе заттары мен оқу-құралдары салынған рюкзактарды сыйға тартылды.

А. Алтай.

Суреттерді түсірген

Рафхат Халелов.

Бөлісу:

Пікір жазу


*