ҰСТАЗДАР ҮЙІНДЕГІ КЕЗДЕСУ

493
0
Бөлісу:

 «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алматы қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ғимаратында Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі – Гүлнар Ықсанова және Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшесі Светлана Бычкова, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Алмажан Бақыторазовамен кездесу өтті. 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Жауымбай Қараев және институт директоры Раиса Садуақасова ресми кездесуге арнайы келген депутат­тарды күтіп алып, «Өрлеудің» тың бастама, ізгі қадам, келешектегі жос­парларымен жан-жақты таныс­тыру үшін ғимараттағы арнайы кабинет­тер мен аудиторияларға жол бастады.
«Ұстаздар үйінің» жаңа ғимара­тындағы талапқа сай жабдықталған «М.Монтессори» кабинетінің же­текшісі З.Еденбаева Монтессори технологиясын қолданудың әдіс-тәсілдерінің ерекшелігімен баян­даса, институттың аға оқыту­шысы В.Кай­дакова балалардың метата­нымдық дағдылары мен эмоцио­налды-психологиялық жағдайын дұрыс қалыптастыру үшін Ертегі терапиясын мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру процесіне енгізудің тиімділігін сынақ алаң­дарындағы нақты тәжірибе нәти­желерімен ұштастырды. Ал Инс­­титуттың аға оқытушысы Л.Пет­ро­ваның курс тыңдаушылары орта және жоғары буын оқушыларына ағылшын тілінде өткізілетін пәндерге қатысты ой-тұжырымдары мен жеке пікірлерін айтып, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Сондай-ақ басшылар қонақтарды бүгінгі заман талабына сәйкес жаб­дықталған Ақпараттық комму­никация орталығы мен Бейне және дыбыс жазу студиясының инно­вациялық жетіс­тіктерімен таныс­тырды.
Институт қабырғасында атқары­лып жатқан келелі істер – «Өрлеудің» тынымсыз ізденістері мен табанды еңбегінің жетістігі. Бұл – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталы­ғының «Цифрлы Қазақстан» бағ­дарла­масының жүзеге асыры­луына қосқан бірден-бір үлесі. Бұдан кейін депутаттар институттағы иннова­циялық игі-шараларды Қазақстан­дағы мұға­лімдердің біліктілігін арттыру жүйе­сінің тарихы туралы құнды деректерді топтастырған заманауи үлгідегі музейді аралап, құнды деректер мен тарихи құжат көшірмелерімен танысты.
Халық қалаулылары институт қызметкерлерімен кездесу бары­сында Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында Үкімет пен Пар­ламентте атқарылған жұмыс­тарға, шы­ғарылған заңдарға тоқталды. Гүлнар Ықсанова Елбасы Н.Назар­баевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туындайтын өзекті мәселелерімен ой бөлісіп, институт қызметкерлерінің біліктілік сапасын арттыруға қатысты өзекті пікір, тиімді ұсыныстарын қойын кітап­шасына жазып алып, Мәжілісте қарастыруға ұсыныс жасайтындығын айтты. Ал Светлана Бычкова инс­титут қызметкерлеріне, жалпы жиынға қатысушыларға қорта сөй­леген сөзінде мемлекетіміздің әрбір азаматының алаяқтардың жымысқы әрекетіне алданып қаламауы үшін заңды жақсы білуі қажеттігін түрлі мысалдар келтіре отырып баяндады.

П.АСЫЛБЕК,
Қоғаммен байланыс және баспа
қызметі бөлімінің жетекшісі

Бөлісу:

Пікір жазу


*